jasqazaq.kz

Шымкент: Тұран ауданының көшелері асфальттанды

28 маусым 2023, 11:51

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 5 жылдан кейін жолдардың 95 пайызын жақсаратынын айтқап болатын. «Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын», деді.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, Шымкентте бірінші кезекте, халыққа қажетті ауыз су, электр, табиғи газ мәселесін біршама шешу қолға алынса, ендігі кезекте көлік инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлінуде. Көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражаттың көлемі биыл 38,0 млрд.теңгеге жеткізіліп, 2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге ұлғайды.
Соңғы 5 жылда ұзындығы 900 шақырымнан астам асфальтталған жол салынып, қаланың орталық бөлігіндегі ірі жол айрық пайдалануға берілді. Биылғы жылы, қалаға кіреберістегі басты магистралды жолдағы жол айрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистралды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын айналма жолдарды пайдалануға беру жоспарлануда.

Мәселен, Тұран ауданы аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер маңын ретке келтіру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін аула ішіндегі көшелерді асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта кестеге сәйкес, абаттандыру жұмысы Желтоқсан көшесі №4,6, Бейбітшілік көшесі №20,22. Мангелдин көшесі №40, Отырар шағын ауданы, 15/1, Байтұрсынов көшесі №59А, Жандосов көшесі №2 көп қабатты тұрғын үй ауласында жүзеге асырылып, аула ішілік көшелер ретке келтірілді және асфальтталды. Сонымен қатар, алдағы уақытта дәл осындай абаттандыру жұмыстары Тұран ауданынына қарасты Отырар шағын ауданы №10, Отырар шағын ауданы №59, А.Байтұрсынов көшесі №79, Ғ.Иляев көшесі №13, 4 шағын ауданы №21, Ю.Гагарин көшесі №68, Ю.Гагарин көшесі №88, 1 Мамыр көшесі №21, Ш.Қалдаяков көшесі №8, Ш.Қалдаяков көшесі №20, Б.Майлин көшесі №3,5, Ю.Гагарин көшесі №145, Ю.Гагарин көшесі №143 көп қабатты тұрғын үйлер жанында асфальт жабынын ретке келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, қалад 350 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылды. Қалада қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында көшелерде жол таңбаларын жаңарту, бағдаршам, жол белгілері мен жасанды жол кедергілерін орнату, жаяу жүргіншілер өткелдері мен оң жақ өткелдер салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі