jasqazaq.kz

Шымкент: Тұран ауданында қоқыс жәшіктері жаңара бастады

14 сәуiр 2023, 15:31

Бүгінгі жоспар бойынша аталған жұмыстар Қонаев даңғылы мен Байтұрсынов көшесінде жүргізілді.

Шымкент қаласындағы жаңадан құрылған Тұран ауданында қоқыс жәшіктерін жаңарту жұмыстары басталды. Бүгінгі жоспар бойынша аталған жұмыстар Қонаев даңғылы мен Байтұрсынов көшесінде жүргізілді. Алдағы күндері Асқаров, Момышұлы, Мангельдин көшелеріне мен Республика, Рысқұлов даңғылдарына, Темірлан тас жолы бойына заманауи талапқа сай 300 жаңа қоқыс жәшігі орнатылатын болады.

Еске сала кетейік бұған дейін Еңбекші ауданы аймағындағы Тәуке хан даңғылы мен Елшібек батыр, Ж.Аймауытов көшелерінің бойына кіші қоқыс жәшіктері орнатылған болатын. Қала қонақтары мен тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында орындықтар да қойылды. Қойылған орындықтар мен қоқыс жәшіктеріне қаланың логатипі мен Еңбекші ауданының аты жазылып, сәнделген.

Шымкенттіктердің игілігіне арналып жасалған осындай арнайы заттарды ұқыпты пайдалану да маңызды. Алдағы уақытта қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, қаланың басқа да орталық көшелеріне кезең-кезеңмен орындықтар мен кіші қоқыс жәшіктері орнатылатын болады.

Шымкент қаласында магистральді көшелерде санитарлық, механикалық және қолмен тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Қазіргі таңда арнайы бригадалар газондарды орып, ағаштар мен жасыл желектерді зиянкестерден, күннен қорғау үшін әктеуге кірісті. Сондай-ақ, ауын- шашын салдарынан су алу қауіпі бар аумақтар да қатаң бақылауға алынды. Қаладағы 443 магистральды көшенің тазалығына 5 мердігер мекеме бекітілген. Орталық көшелерді тазалау жұмыстарына күн сайын 1500-ге жуық жұмысшы, 100-ден аса техника жұмылдырылуда. Сонымен қатар, ішкі орам көшелер мен қоғамдық орындарда, көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке секторларда тазалық жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.

Мерей Әлімбек

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура