jasqazaq.kz

Шымкент: Тұран-2 шағынауданының даму жоспары талқыланды

26 сәуiр 2023, 9:19

Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті басқарма басшыларымен, құрылысқа жұмылдырылған мердігермен кездесіп, жұмыс барысындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тұран-2 шағынауданында болып, жауаптылармен бірге елдімекеннің даму жоспарын пысықтады. Аталған шағынауданда бой көтерген 88 тұрғын үйдің 70-і пайдалануға берілген. Қазір 18 үйдің ішкі әрлеу және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Нысандарға инженерлік-инфрақұрылым жүйелер тартылып, жолдар салынуда. Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті басқарма басшыларымен, құрылысқа жұмылдырылған мердігермен кездесіп, жұмыс барысындағы өзекті мәселелерді талқылады. Қала әкімі жауаптыларға құрылыстың сапалы жүргізіліп, мерзімінде аяқталуын бақылауға алуды тапсырды.

«Он күн ішінде тұрғындардың талап-тілектерін ескере отырып, орын алған кемшіліктерді қайта қалпына келтіру қажет. Барлықтарыңызды жауапкершілік таныта отырып, жылдам, тиянақты жұмыс істеуге шақырамын», — деді қала әкімі.

Айта кетейік, бүгінде шағынауданның 29- орамында мемлекеттік бюджет есебінен 1080 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Былтыр осы аумаққа жылу, су, кәріз желілері мен электр жүйесі тартылған. Биыл мұнда ішкі орамның жерін тегістеу, абаттандыру жұмыстары, аяқжол және асфальт жол құрылысы жүргізіледі.

Нысандарды қолданысқа беру екінші жартыжылдыққа жоспарлануда. Одан бөлек, Шымкентте тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесін шешу мақсатында алғаш рет реновациялау бағдарламасы іске қосылуда. Қазір бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы штаб құрылды.

Қала аумағындағы жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлерге мониторинг жүргізіліп, бағдарламаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа бағдарлама қаланың сәулеттік келбетіне кері әсер ететін ескірген ғимараттарды жойып, мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай зәулім үйлер қатарын арттыру үшін қолға алынып отыр. Бағдарлама шартына сәйкес, құрылыс жұмыстары меншік иелерінің келісімі бойынша жүргізіледі. Меншік иелеріне құрылыс кезеңінде уақытша баспана немесе пәтер жалдау үшін ақшалай өтемақы беріледі.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі