jasqazaq.kz

Шымкент: Транзиттік рейстердің саны артып келеді

13 қыркүйек 2024, 15:02

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің Еуразиядағы транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтіп, болашақта толыққанды көлік-логистикалық державаға айналдыру қажеттігін атап өткен болатын. Президент сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларының әуежайлары мультимодальды орталықтарға айналып, жүктерді жинау және тарату бойынша бәсекеге қабілетті әрі сапалы қызмет көрсетуге тиіс дегенді айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен, қазір қала әкімдігі Шымкентті Орталық Азиядағы көлік-логистикалық хаб ретінде дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар жүк тасымалдаушыларды тарту бойынша да жетістіктер бар. Атап айтқанда, Шымкент арқылы өтетін транзиттік рейстер саны артып келеді. Бүгінде «FTL Airlines», «Alpha Sky», «Fly Khiva» және «My Freighter» сияқты жүк әуе компаниялары тұрақты рейс бойынша жұмысын бастады. Жақын арада жүк тасымалдайтын әуе компанияларының рейстерін жиілету жоспарланып отыр.
Көлік-логистика саласын дамыту мегаполистің экономикалық өрлеуіне серпін беретіні сөзсіз. Бұған дейін «Сауда-логистикалық орталық» аумағында хаб көлемін 92 гектардан 136, 29 гектарға ұлғайту туралы шешім қабылданған болатын. Қазір бұл жұмыс ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Аталмыш орталық әуежай мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолына жақын орналасқан және Орталық Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосып келеді.
Орталықтағы қоймалар теміржол вагондарын, платформаларды, контейнерлерді және әртүрлі жүк көліктерін қабылдап, өнімді ішкі және сыртқы нарыққа сақтап, тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта мұнда жалпы құны 25 миллиард теңгеден асатын 4 жоба іске асырылып, 287 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, құны 59 миллиард теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобаға арналған алаң дайындалып жатыр.

JQ-Aqparat
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде