Шымкент: Төтенше жағдайлардың алдын алу маңызды

11 сәуiр, 12:03

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жастар — мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі» деген сөзін басшылыққа алып, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, тұрақты түрде қажетті іс-шаралар кешенін қабылдауда. Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бекіткен «Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге үйрету мақсатында білім беру мекемелерінде оқу-дәріс өткізудің 2024 жылға арналған жоспарын» орындау мақсатында, департамент қызметкерлері биылғы жылдың 9 сәуірінде Шымкент қаласы, Абай ауданы бойынша қалалық білім басқармасына қарасты жалпы саны 127 ұйымның қызметкерлеріне сабақ өткізді.

Сабақ барысында тыңдаушыларға «Жер сілкінісі уақытындағы қауіпсіздік», «Су айдындарындағы қауіпсіздік», «Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері», «Алғашқы медициналық көмек», «Төтенше жағдайларда халықты моральдық-психологиялық даярлаудың негізгі бағыттары» тақырыптарында дәріс оқылды.

Департамент жоғарыда аталған бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында бір аптаның ішінде қала аумағындағы барлық аудандарды қамти отырып, 1000-ға жуық білім беру мекемелерінің қызметкерлерін оқытуды жоспарлап отыр.
Бұл өз кезегінде, жасөспірімдер арасында «Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға» мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары күн сайын тұрғындармен профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Мұндай іс-шараның негізгі мақсаты қала тұрғындарын төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақыру, белгіленген тәртіп бойынша дұрыс әрекет жасауына ықпал ету.

Тұрғындар арасында иіс тию, өрт қауіпсіздігін сақтау туралы түсіндірме жұмысын ұдайы жүргізудің де пайдасы мол. Осыны ескеріп, төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, «ҚазТрансГазАймақ» өкілдері және өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері бірлесіп, қала орталығының тұрғындарымен рейдтік іс-шара өткізді.

Рейд барысында қала тұрғындары мен қонақтарына өрт пен улы түтінен уланудың алдын алу жөнінде жадынамалар таратылды. Сондай-ақ жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл ережелері мен көктемгі кезеңдегі су тасқынына жол бермеу шаралары жан-жақты түсіндірілді. Төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып, тиісті ұйымдармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Мақпал Махаметқызы

Суреттер Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді