jasqazaq.kz

Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу маңызды

12 шiлде 2024, 13:47


Шілденің шіліңгір ыстығында қала тұрғындары қала тұрғындары мен сырттан келген қонақтар су айдынына асығатыны белгілі. Бірақ көбі қауіпсіздік мәселесіне мән беріп жатпайды.Шомылу маусымында сақтық шараларын тағы да еске салу мақсатында Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Еркін Отарғалымұлы — шомылу кезеңінде су айдындарында қауіпсіз демалуды сондай-ақ жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірді.
Оның айтуынша, Шымшаһардың аумағында шомылуға рұқсат етілген 3 ресми орын және ескерту белгілерімен тыйым салынған 13 орын айқындалып, 86 ескерту белгілері орнатылған.
«2024 жылғы шомылу маусымы кезеңінде Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар туралы» қала әкімімен жоспар бекітіліп, жоспарда көрсетілген іс-шаралар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар сәуір айының басынан бастап судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 235 рейд өткізілді.
Департамент қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында, адамдар көп жиналатын орындарда, сондай-ақ қала аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары арасында жыл басынан бері 5700-ден астам адамды қамти отырып, 79 көпқабатты тұрғын үй кешенін аралап, 45 жиын өткізді. Онда жадынамалар таратылып, көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлау фактілерін болдырмау бойынша ұсынымдар берілді.
Шымкент қаласының құрылыс басқармасына көптеген балалардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін үйлерді салу кезінде жобалау-сметалық құжаттамаға, арнайы бекіткіштерді (фиксаторларға) енгізу туралы ұсынымдық сипаттағы хат жолдады.
Соның нәтижесінде, Басқарма Департаменттің ұсынысын назарға ала отырып, жобалау-сметалық құжаттамаға «Балаларды қорғауға арналған терезе бекіткіштері» тармағы енгізілетінін хабарлады.
Айта кету керек, біздің заңнамада баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-ананың тікелей міндеті болып табылады. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 127-бабына сәйкес, бұл міндеттерді орындамау әкімшілік жазаға әкеп соғады.
Сонымен қатар, өмірге немесе денсаулыққа қауіпті жағдайдағы баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 119 және 141-баптарында көзделген.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін