jasqazaq.kz

Шымкент: Төрт мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілді

14 мамыр 2024, 0:15

Елімізде жұмыспен қамту мәселесі соңғы жылдары оңтайлы шешімін тауып, «екі қолға күрек ұстағысы» келетін жандарға мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар ұсынылады. Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымшаһарда жұмыспен қамту жағы қалай жүзеге асырылып жатыр?

Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, қалада  13 323 адам ресми тұрғыда жұмысыз ретінде тіркелген. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрайды. Биылғы жоспар бойынша 30 207 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру жоспарланған.

Халықты жұмыспен қамту белсенді шараларына қатыстыру үш жоба негізінде жүзеге асырылады. Олар – кәсіпкердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту, субсидияланатын жұмыс орындары, жеке кәсібін ашу үшін жағдай жасау.

Алғашқы жобада жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарға қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп соңынан жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылады. Үш айлық оқу кезінде шәкіртақы төленеді. Жоспар бойынша, биыл бұл бағытта 1 110  жұмыссыз азаматқа қайта оқыту курсына жолдама беріледі. Оқу сәтті аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссыз азаматты әлеуметтік келісімшарт негізінде 10 жұмыс күні ішінде мәлімдеген жұмыс орнына кем дегенде 6 ай мерзімге жұмысқа орналастыруға міндетті.

Сондай-ақ жұмыспен қамтуда субсидияланатын жұмыс орындары өз жемісін беруде. Ол қалай жүзеге асады?  Жұмыс берушілер кәсіпорында субсидияланатын жұмыс орындарын құра алады. Мансап орталығында тіркелген жұмыссыздарды қабылдай алады. Жұмыспен қамтылған жандардың жалақысын мемлекет еңбек ұтқырлығы орталығы арқылы толық немесе ішінара төлейді. Тек жұмыс берушіге қызметін бастағанына бір жылдан астам уақыт өтуі және салық немесе басқа төлемдер бойынша қарызы болмауы қажет деген талап қойылады.

Шымкентте биылғы жоспар бойынша 7 454 адамға субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама беру көзделсе, бүгінге дейін 4 490 жолдама берілді. Субсидияланатын жұмыс орындарына «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны»,  «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас»,  қоғамдық жұмыстар, мүгедектігі бар азаматтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындары кіреді. Бағдарламаға қатысушылардың еңбекақысы мемлекет тарапынан өтелетінін айту керек.

Жеке кәсібін ашу үшін «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде биылғы жылы 3 750 адамды оқыту көзделген. Бүгінге дейін 1 364 адам онлайн-форматта кәсіпкерлік дағдысын қалыптастырды. Биылғы жылы 426 адамға кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін 400 АӘК көлемінде қайтарымсыз грант беру көзделген. Алғашқы лекте 213 адамға грант берілмек.

Оған қоса, 273 жасқа жеңілдетілген несие беру жоспарланды. Қазір  еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, қаржы министрлігі және Шымкент қаласы әкімдігінің арасында келісімшарт түзу жұмыстары жүріп жатыр.

JQ-Aqparat

03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін