jasqazaq.kz

Шымкент: «Тоқта, интернет — алаяқтық!» бейнероликтері көрсетілуде

11 қараша 2024, 14:10

Бүгінде цифрлық технологиялар қарыштап дамыған сайын, интернет алаяқтықтың сан түрі халықты адастыруда. Интернет алаяқтары азаматтардың қаражаттарын жымқыру мақсатында күн сайын жаңа амалдарды қолданып келеді. Алаяқтардың әрекетін тоқтату және алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы құқық қорғау органдары белсенді жұмыс жүргізуде.

Мәселен, аудандық құрылымдарға күнделікті алдын алу шараларын жүргізу тапсырылып, олардың нәтижесі қатаң бақылауға алынған. Сонымен қатар, 2024 жылдың 22 қазанынан бастап, «Шымкент реклама» ЖШС-мен бірлесіп, қаланың барлық LED экрандарында күніне 300 рет «Тоқта, интернет-алаяқтық!» тақырыбында бейнероликтер көрсетілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Өңірдегі интернет-алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Арман-Арун Бейсембаев мәлімдеді.

Қазірдің өзінде алаяқтар қылмыстық жолмен табылған қаражаттарды ел тұрғындарының банктік карталарына аударып, оны банкоматтардан шештіру, кейін электронды ақшаға айналдыру тәсілдерін қолдануда. Ал соңғы уақытта олар қаражатты тікелей халықаралық криптовалюта биржаларына (Binance, Bybit, OKX) аудартып, осы қаражатты шетелдік шоттарға шығарып алуға көшуі жиіледі. Әлеуметтік желілерде де ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізілуде: 600-ден астам ескерту суреті, 100-ден астам бейнеролик және 300-ден астам парақша жарияланды. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында 369 мақала жарық көріп, оның 12-сі республикалық басылымдарда жарияланған. Дегенмен, интернет алаяқтары заман талабына сай әрекет етуді жалғастырып, азаматтардың ақшасын жымқырудың жаңа әдістерін ойлап табуда.

Құқық қорғау органдары алаяқтықтан сақтануға шақырады және азаматтарға күмәнді ұсыныстарға сақ болуды ескертеді. Баспасөз конференциясында сонымен қатар, қалада интернет-алаяқтыққа қарсы күресті жетілдіру және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту үшін 2023 жылдың 6 маусымынан бастап «Киберпол» тобы құрылып, оның құрамына 11 тергеуші, 13 жедел уәкіл және 1 криминалист енгізілгендігі туралы айтылды. Топ мүшелері арнайы техникалық құралдармен (Айрис, Аргус, Скриптур, Блур, Кросс) қамтамасыз етілген, бұл құралдар қылмысты талдауды жеделдетіп, дәлдікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс