Шымкент: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексерілді

24 сәуiр, 15:19

Біздің елімізде террористік тұрғыдан осал нысандардың қорғалуына арналған талаптар заң жүзінде бекітілген. Соған орай жыл сайын ел ішіндегі ірі нысандарда тексеру жүргізіліп тұрады. Биылғы Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холл» концерт залындағы террористік шабуыл бейқам отыруға болмайтынын тағы да қаперге салды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында құқық қорғау құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс жоспары, сондай-ақ экстремалды жағдай олардың қызметін үйлестіру мәселелері қарастырылған болатын. Соған орай ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха еліміздегі ірі сауда орындары мен концерт залдары тексерілетінін ескертті. Вице-министр: «Бүгінде сауда үйлері, концерт залдары терроризм қаупі бар нысандарға жатады. Жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын объектілер террористік тұрғыдан осал нысандар категориясында. Сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары бар. Жалпы мұндай жерлерде адам көп жиналады», — деді.

Шымкент сияқты алып шаһарда да сауда орындары, жұрт көп жиналатын орындар көп. Сондықтан Шымкенттегі Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен мегаполисте орналасқан сауда ойын-сауық орталықтарына террористік тұрғыдан осал нысандардың қорғалуын ұйымдастыру жай-күйіне бақылау жасау, заңнама талаптарын, нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру бойынша жұмыстары жүргізілуде.

Террористік қауіп-қатердің түрлі сценарийлері кезіндегі іс-қимыл тәртібін нақтылау бағытында террористік тұрғыдан осал объектілерінің дайындық деңгейін төмендетуге жол берген күзет агенттігі қызметкерлерімен қосымша оқыту іс-шаралары да қолға алынды.

Сондай-ақ террористік тұрғыдан осал нысандардың қорғалу жай-күйіне бақылау жасау, олардың басшылары мен иелеріне қойылған міндеттерді жүзеге асыру аясында аталған бағытта объектіні тексеру барысында қосымша оқу-түсіндіру сабақтары ұйымдастырылуда.

Осындай оқу-түсіндіру сабақтарының негізгі мақсаты – террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына ықпал ету, практикалық бағыттағы іс-шараларды қамтамасыз ету, халықтың қауіпті жағдайды түсініп бағамдау дағдыларын қалыптастыру, экстремалдық және төтенше жағдайларда қорғану тәсілдері мен қауіпсіз мінез-құлқын ойластыру, өмірі мен денсаулығын қорғау дағдыларын пысықтау, сондай-ақ айналадағыларға көмек көрсету.

Тексеру барысында заңмен қарастырылған талаптарды орындамаған террористік тұрғыдан осал нысандардың басшыларына және иелеріне Әкімшілік кодексінің 149-бабы (Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау) бойынша жауапкершілікке тартылады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді