jasqazaq.kz

Шымкент: Тазалықты сақтау өзімізден басталады

25 шiлде 2024, 14:45

 

Бүгін Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Осы орайда, Қаратау ауданындағы Нұртас шағын ауданында «Таза аула» акциясы өтті.

Мұндай ізгі шара — қаланың барлық аудандарында жаппай өткізілуде және қоқыстарды жинау, тазалықты сақтау, жалпы қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтары мен мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Тазалық шарасына аудан тұрғындары, белсенді жастар мен «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері қатысып, өздерінің аулалары мен іргелес аумақтарды ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, іс-шарада аулаларды тазалау, қоқыстар шығару, қураған ағаштарды кесу, қоршаулар мен орындықтарды сырлау жұмыстары жүргізілді.

«Бүгін Президентіміздің тапсырмасы аясында «Таза Қазақстан» экологиялық республикалық акциясы қазір барлық елді мекендерде қолдау тауып отыр. Өйткені тазалық бірінші — денсаулық, екінші — мәдениет. Елдің азаматтары өзінің ортасының табиғатын тазалағын сақтап отыру үлкен әлеуметтік маңызға ие деп ойлаймын. Тазалық — әрбір үйдің өзінен басталады», – деп атап өтті Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пердеш Есенбек.

Еске сала кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елді мекендердің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын қалыптастыруға, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент әкімінің баспасөз қызметі

03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін