jasqazaq.kz

Шымкент: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

12 тамыз 2025, 18:04

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ел көлемінде кеңінен қолдау тауып, қоршаған ортаны қорғау мен санитарлық жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды іс-шаралардың біріне айналды. Әрі бұл бір реттік емес, тұрақты түрде ұйымдастырылатын акцияға йналғаны – шын мәнінде қуантарлық іс.

Еліміздің үшінші мегаполисінде «Таза Қазақстан» аясында өткізілетін тазарту жұмыстары былтырдан бері үздіксіз жүргізіліп келеді.

Осы игі бастаманы жалғастыру мақсатында Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілік жұмыстары Қаратау ауданына қарасты Тассай тұрғын алабы мен Мирас шағынауданында, сондай-ақ орталық көшелерде қарқынды түрде жүргізілді. Аталған іс-шараға барлығы 60-тан астам адам қатысып, жеті арнайы техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстары барысында аумақтардағы тұрмыстық және құрылыс қалдықтары, қураған ағаш бұтақтары мен жиналмай қалған қоқыстар толығымен шығарылды. Соның нәтижесінде 47 тонна көлеміндегі қоқыс арнайы полигонға жеткізілді.

Мұндай сенбіліктердің негізгі мақсаты – қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тазалыққа деген жауапкершілікті арттыру және қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту.

Дегенмен аула мен қоршаған ортаның тазалығы — елдегі әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі екенін есте сақтаған жөн. Таза әрі жайлы өмір сүру үшін барлығы жұмылып, тәртіп пен тазалықты сақтауға ұмтылуы керек. Слндай-ақ Шымкент шаһарының одан сайын көркеюі үшін күн сайын еңбек етіп жүрген коммуналдық қызмет мамандарының еңбегін құрметтеп, олардың жұмысына түсіністікпен қарап, әркім өз ауласы мен  көшелерді таза ұстауға барынша атсалысуы қажет.

Шымшаһарда «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбіліктер алдағы уақытта да жалғасын табады.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

15 шiлде, 14:24
Алпамыс Өтепов: Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа