jasqazaq.kz

Шымкент: «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті

11 тамыз 2025, 17:49

Елімізде өткен жылдан бері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Әсіресе, үшінші мегаполис — Шымкент қаласында бұл акция айрықша қарқын алған. Былтырдан бері шаһарда жиі-жиі сенбілік ұйымдастырылып, қала тұрғындары белсенді атсалысады.

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жалпықалалық тазалық шарасы ұйымдастырылды. Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, шараның басты мақсаты — қала аумағын тазарту, көгалдандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Тазалық жұмыстарына қала тұрғындарынан бөлек, қалалық басқармалар, мемлекеттік мекемелер, оқу орындары мен түрлі ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Әрбір мекемеге алдын ала белгіленген аумақтар бөлініп, тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Қатысушылар көшелер мен аулаларды, арық-атыздарды, қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, жасыл желектердің айналасын ретке келтірді.

Мұндай акциялар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, бұл бастама ел азаматтарын туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосуға үндейді.

Бүгінгі сенбілікке қатысқан қала тұрғыны Ақерке Өскенбайқызы осындай игі шаралардың жиі өткізілгенін құптайтынын білдірді. Өйткені ол: «Табиғатты қорғау — әр азаматтың азаматтық борышы. Сенбілік — тек тазалық шарасы ғана емес, бұл қоғамның экологиялық санасын көтеруге бағытталған маңызды іс», — деген пікірде.

Алдағы уақытта мұндай сенбіліктерді тұрақты түрде ұйымдастыруды жоспарланып отыр. «Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға ықпал ететіні сөзсіз.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

15 шiлде, 14:24
Алпамыс Өтепов: Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа