jasqazaq.kz

Шымкент: Тассайдағы шағынауданындағы кәріз жүйесі биыл аяқталады

21 маусым 2023, 21:48

Шымкент қаласының тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту мақсатында биыл 11 нысанда құрылыс жүгізіліп жатыр. Олардың 2-еуі кәріз коллекторы. Сондай-ақ, 9 елді мекенде ішкі орамдық кәріз құбырлары тартылып жатыр. Жыл соңына дейін 6 нысандағы жұмысты толық тәмәмдау жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда, құрылысы жүріп жатқан 11 нысанның 6-дағы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Олар, Тассай, Тұран, Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағын аудандары. Ондағы ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы тәмәмдалып, орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады деп күтілуде.

Биылғы жылы аяқталатын нысанның бірі Тассай елдімекеніндегі жұмыстар. Жоба бойынша барлығы 110 шақырымды құрайтын кәріз құбырының, бүгінде 90 пайызға жуығы тартылыпты. Құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан «Сарыағаш-Аман» ЖШС жыл соңына дейін 100 пайыз жұмысты тәмәмдап іске қосамыз деп отыр. Нәтижесінде, 12 мыңға жуық халық қамтылмақ.

Қазіргі таңда, қаладағы 81 елдімекеннің 24 — і орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Биыл 6 елді мекендегі жұмыстар аяқталса, шаһардың кәрізбен қамтылу көрсеткіші 60 пайыздан 65 пайызға жетеді деп күтілуде.

Қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметіне сүйенсек, өткен жылы қалада «Тұран» сорғы станциясы және Самал-1 мен Наурыз шағын аудандарының ішкі жүйелерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Нәтижесінде кәрізбен қамту көрсеткіші 52,3%-дан 54%-ға өскен. Биыл қаладағы 9 нысанда құрылыс жұмысы басталады. Қазіргі таңда Арғынбеков көшесімен Тұран ішкі магистралды коллектордың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Достық су сорғы станциясы қайта құрудан өтеді деп жоспарлануда. Нәтижесінде, Самал-3, Ұлағат, Мирас, Солтүстік-шығыс, Шапағат-2 шағын аудандары мен Хлопзавод көшесіндегі 48 мыңнан астам адам кәріз жүйесіне қосылады. Жыл соңына дейін қамтылу көрсеткіші 60%-ға өседі. Қаланың 2022-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 75 пайызға жеткізу көзделіп отыр, дейді мамандар. Қаланың оңтүстік пен солтүстік бөлігін кәрізбен қамтудың 2022-2025 жылдарына арналған жоспарына сәйкес кәріз тазалау станциясы мен сорғы станциясының коллекторлары және елді мекендерде ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі