jasqazaq.kz

Шымкент: «Тассай құс» өнімділігін арттыруда

30 маусым 2023, 14:51

Шымкент қаласында ауылшаруашылығы саласының болашағы өте зор. Қала аумағында бос жатқан жерлер көп. Бұл жерлерде көкөніс егіп, мал асырауға болады. Шөбі шүйгін қала аумағы шаруаны тез табысқа шығарады. Сондықтан да бос жатқан жерлерді дер кезінде заң шеңберінде игерген абзал.

Соңғы статистикалық дерекке сүйенсек, қаладағы жеке қосалқы шаруашылықтар мен ірілі-ұсақты агрокомпаниялар өз иеліктерінде 79,8 мың ірі қара, 77,2 мың қой мен ешкі, 16,2 мың жылқы, 725,1 мың құс бағып отыр. Агроөнеркәсіп саласында алдын ала бекітілген жылдық жоспар 44 млрд теңге болса, биылғы бірінші жартыжылдықта ауыл шаруашылығының жалпы өнім көле­мі 16,9 млрд теңгеге жетті.

Ал ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 114,4 млн долларды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыс­тырғанда 28 млн долларға артты. Бұл Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобаның ішіндегі АӨК өнімдерінің экспортын 2019 жылғы деңгейге қарағанда 2 есеге ұлғайту индикаторына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Осы бойынша биылғы жоспар 309,7 млн долларды құрап отыр.

Мемлекет тарапынан мұндай шаруаларға зор қолдау бар. Бүгінгі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ кәсіпкерлерге бірнеше бағытта қаржылық қолдау көрсетіп отыр. Атап айтқанда, биыл Шымкент қаласы филиалы бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға 12,2 миллиард теңге бөлініп, оның 10,3 миллиард теңгесі бүгінге дейін игеріліпті. Сондықтан Шымқалада кәсібін осы саламен бастаған жандар көп. Айталық Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Тассай құс» ЖШС қаладағы табысты жұмыс істеп келе жатқан нысанның бірі.

Өткен жылы шаруашылықты кеңейтіп, өнімділікті арттырған өндіріс орны 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Құс фермасы 2015 жылы іске қосылып, жылына 20 миллион дана жұмыртқа өндірісінен бастаған. Жоба құны – 250 миллион теңге. Кәсіпкерлер жылына 35 миллион дана жұмыртқа өндіріп, нарыққа шығарып келген. Осы жылдың басынан бастап өнімділікті 50 миллионға жеткізіп отыр. Аптап ыстықта азық-түліктің бұзылмай сақталуы қиын. Денсаулыққа пайдалы, залалы жоғын тұтыну маңызды. Тауық жұмыртқасы.

Күнделікті тамақ рационында негізгі орын алатын тағамның бұл түрінің адам ағзасына пайдасы мол. Ал, жоғары сұрыпты, құрамы құнарлы өнімді Шымкенттегі өндіріс орны «Тассай құс» мекемесі ұсынып отыр. Аталған өндіріс германиялық Helmann Poultry GMBH CO.KG технологиясы бойынша жұмыс істейді. Құс шаруашылығына маманданған кәсіпорынға 2020 жылы 29,7 миллион теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілсе, былтырғы жылы 37,7 миллион теңге қолдау көріп отыр. Мұндай өндіріс орындарын қолдау, нарықтық бағаны тұрақтандыруда маңызды қадам болып табылады. Кәсіпкердің айтуынша бұнымен тоқтап қалмай, кәсібін дамытуды көздеп отыр.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее