jasqazaq.kz

Шымкент-Ташкент: Достық жолындағы веломарафон

03 мамыр 2025, 19:23

Бүгін “Шымкент-Ташкент 2025” веломарафоны өтті. Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек бұл айтулы шара – бауырлас елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудың жарқын көрінісі екенін атап көрсетті. Сәрсен Құранбек: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде бұқаралық спортты дамытуға айрықша мән беріп отыр. Мемлекет тарапынан әрбір азаматтың спортпен айналысуына барлық жағдай жасалуда. Қаламызда Орталық стадион мен Дендросаябақты байланыстыратын велосипед жолы мен жүгіру жолағы салынды. Веломарафон өткізу де дәстүрге айналды. Осылайша, Шымкент қаласы еліміздің велоспорт орталығына айналып келеді», — деді.
Веломарафонға 150-ге жуық велошабандоз қатысты. Олар 100 шақырымнан астам қашықтықты еңсерді.


«Бұл бастама – өңірлік серіктестікті арттырып қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды қадам.
Веломарафонның сәтті өтуіне атсалысқан барлық азаматқа алғыс айтамыз!» — деді Сәрсен Құранбек.
JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент әкімдігі

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды