jasqazaq.kz

Шымкент-Ташкент арасындағы ынтымақтастық артады

15 тамыз 2023, 21:31

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі С.Ниязходжаевты қабылдады. Тараптар алдағы уақытта туризм, сауда-саттық, өнеркәсіп, мәдениет салаларында екі жаққа да тиімді болатын маңызды жобаларды талқылады. Мұрат Дүйсенбекұлы Ташкенттің турист тартудағы оңды тәжірибесінің тиімділігін атап өтіп, болашақта мегаполистің туризм бағытын дамытуда әріптестік байланыс орнатуға дайын екенін жеткізді.

Шымкент-Ташкент бағыттарындағы көрікті орындар бойынша жаңа туристік бағыттарды жолға қоюды ұсынды. Өзбекстан тарапы Шымкенттік делегацияны алдағы уақытта Ташкент қаласында өтетін халықаралық қолөнершілер көрмесіне шақырды.

Бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды саласы өзара сауда-саттық болып табылады. Еліміздің негізгі экспорттық өнімдері — азық-түлік тауарлары, металдар, энергия тасымалдаушылар, ірі қара мал, мұнай өнімдері, химиялық өнімдер және құрылыс материалдары болып табылады.

Өзбекстан Қазақстанға жеміс-көкөніс өнімдерін, тоқыма бұйымдарын, қара және түсті металдарды, машиналарды, химиялық өнімдер мен құрылыс материалдарын жеткізеді.
Тараптар арасында көлік саласындағы ынтымақтастық та кеңейіп келеді. Бұл өз кезегінде туристік саладағы байланыстың жаңа перспективаларына жол ашады. Жалпы, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуда да жаңа бастамалар бар.

Биыл мамыр айында Қазақстан мен Өзбекстанның жеңіл өнеркәсіп кешенін бірлесе дамыту мақсатында үкіметаралық келісімдер жасалған болатын. Осыған орай Шымкент қаласында Өзбекстан Республикасынан келген арнайы делегация өкілдерімен кездесу өтті.

Шымкент – Қазақстандағы үшінші мегаполис және қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің астанасы. 2022 жылдың қорытындысы бойынша қаланың сыртқы сауда айналымы 2,6 миллиард АҚШ долларын құрады. Оның ішінде 846 миллион доллары экспорттың үлесінде болса, қаламызға 1 миллиард 739 миллион доллардың тауары импортталған. Жалпы, екі елдің Мемлекет басшылары өзара сауда айналымының көлемін 2025 жылға қарай 10 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізу міндетін қойып отыр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 3 миллиард 500 миллион долларды құрады. Соның ішінде Өзбекстан мен Шымкент қаласының арасындағы өзара сауда айналымы 370 миллион долларды құрады.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі