jasqazaq.kz

Шымкент: Тәртіп сақшылары қылмыстың алдын алуға ұмтылады

13 мамыр 2024, 12:29

Шымшаһарда құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс шарасын негізге ала отырып, қоғамдық тәртіпті сақтау, жастар арасында есірткі мен нашақорлықтың алдын алу жұмыстары басталды.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше,  тәртіп сақшылары жекелеген қылмыстардың алдын алу мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қоғамдық тәртіптің сақталуын қатаң қадағалайды.

Осы ретте полицейлер ғимарат қасбетінде граффити түріндегі есірткі жарнамасын анықтау және жою бойынша профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді. Айталық, жыл басынан бері тәртіп сақшылары есірткіні насихаттайтын 3000-нан астам жазуды анықтап, жойды.

Қала аумағындағы ғимараттардың, қоршаулардың, аялдамалардың және басқа да қасбеттердің қабырғаларынан есірткі заттарын тұтынуды және өткізуді насихаттау жүзеге асырылатын интернет-ресурстардың нөмірлері мен атаулары көрсетілген граффити бүріккіш бояумен өшірілді.

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы бағытталған жұмыстар полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында. Шымкент полицейлері жасөспірімдермен профилактикалық кездесу өткізеді. Сондай кездесудәің бірі Еңбекші ауданындағы жалпы орта білім беретін №68 мектебінде өтті.  Жиынға 100-ден астам шәкірт пен ұстаздар қатысты. Онда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу мәселелері талқыланды. Қандай да бір заң бұзушылық үшін жауапкершілік бар екенін түсіндірді.

Шымкентегі болашақ медицина мамандары да нашақорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды қолдайды. Полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Шымкент қаласының барлық аумағында есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.

Осы орайда, оқу жылы барысында қаланың барлық білім беру мекемелерінде арнайы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізілуде.

Сондай кезекті іс-шара «Авимед» колледжінде жалғасын тапты. Онда қатысушылар болашақ медицина мамандарына көрсетілген мәселелер бойынша толыққанды ақпарат беріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды. Студенттер аталған бастамаларды қолдайтындарын және алдағы уақытта оқуды аяқтаған соң осы бағытта бірлесіп жұмыс жүргізуге ниетті екендерін жеткізді.

Әлима Әлмерек,

Суреттер Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі