jasqazaq.kz

Шымкент: Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларға арналған семинар өтті

21 тамыз 2024, 13:01

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Қаратау ауданы бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектеп базасында ұйымдастырылған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: Жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» атты семинарға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинарды Шымкент қаласы білім басқармасы Қосымша білім беру оқу салалық орталығының тәрбие бөлімінің басшысы Гүлмайра Сүлейменова ашып, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұнына,оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне тоқталды.

Семинар барысында білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері, тәрбиенің жаңартылған парадигмасы, тәрбиенің қазіргі беталысы және құндылықтар жүйесі, тәрбие құндылықтары негізінде «ДОСБОЛLIKE» жобасы іске асыру, ата-аналарды қолдау орталығы аясында жүргізілетін жобалар мен іс-шаралардың жоспары, сонымен қоса мемлекеттік мүдделі органдармен бірлескен жобалар мен іс-шаралар талқыланды. Семинарды Қаратау ауданы бойынша координатор, тренер, С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлбақыт Құрманбай жүргізді.

Семинар барысында Гүлбақыт Құрманбай: «Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі»,-деді.
Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны, құндылықтар жүйесі, тәрбие үш тағанының идеологиясы, түйінді идеясы, іске асыру механизмдері мен әдіснамалық негіздері туралы ақпарат берілді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Білім басқармасы

Бүгін, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
Бүгін, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
Бүгін, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
Бүгін, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
Бүгін, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
Бүгін, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
Бүгін, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
Бүгін, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство
Бүгін, 13:15
Астана іргесінде 4 туысын өлтірген күдіктіден реактивті психоз анықталды