jasqazaq.kz

Шымкент: Субұрқақтар қосылып, қала гүл-гүл жайнайды

15 мамыр 2024, 13:58

Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласын дамытуда қамтылмайтын сала жоқ. Атқарылатын бүкіл шаруа әкімдіктің аппарат отырыснда жан-жақты талқыланады. Мәселен, соңғы өткен аппарат жиынында Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесулердегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, сонымен қатар 2023-2024 оқу жылының салтанатты іс-шараларының қауіпсіздік мәселесі, субұрқақтарын қосу жайы сөз етілді. Осы ауданның тұрғындарымен кездесулерде 124 мәселе көтерілген. Бүгінге дейін оның 64-і орындалып, 48-і жұмыс барысында, 12 мәселе 2025 жылдың жұмыс жоспарына енгізіліпті.

Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә. Оңғар қала аумағындағы су бұрқақтарын қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Қазір басқарма теңгерімінде 25 нысанда 37 су бұрқағы бар. Әкім Ғабит Сыздықбеков жауаптыларға бүлінген су бұрқақтарды қалпына келтіріп, 1 маусымға дейін жаппай іске қосуды, жазда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды. Оған қоса, саябақтарды жарықтандыру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтап, демалушыларға қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырма берді.

Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Е. Әбдіраманов «Соңғы қоңырау» бойынша қауіпсіздікті қамтуда қолға алынатын іс шараларды баяндады. Қала әкімі бұл ретте Білім басқармасының басшысына тәртіп сақшыларымен бірлесе жұмыс істеуді тапсырды. Бұл күндері жалпы білім беру ұйымдарында, ойын-сауық орындарында, жастар көп шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіп күшейтіледі.
Сондай-ақ қаладағы барлық жұмысты өз көзімен көретін әдетінше, шаһар басшысы жергілікті тұрғындармен бірге «Сайрам» тұрғын алабында құрылысы аяқталған ауыз су жүйесін іске қосу шарасына қатысты. Бұған дейін мұндағы 19 мыңға жуық тұрғын жазда ауыз су тапшылығын көріп келген.

Әкімнің тапсырмасымен тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді жеделдету мақсатында нысан жазғы кезең басталмай тұрып пайдалануға берілді. Бұған дейін ауыз суды жекеменшік компаниядан кесте бойынша тұтынып келген жұрттың қуанышында шек жоқ. Енді «Құрсай» шағын ауданының тұрғындарын да аузы сумен қамтамасыз ету жоспарланды.


Шымшаһардың гүлге оранған көркем қала екені мәлім. Биыл қалада 1 млн дана біржылдық гүл егу жоспарланып отыр. Қазір орталық көшелерде, айналма жол, жол бұрылыстары және вазондарда гүл отырғызу жұмыстары қарқынды. Бәйдібек би және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан «Хан қорғанына» 45 мың дана сальвия және антирринум біржылдық гүлі егіледі.

Гүлдер композициясы қазақтың ою-өрнегі пішінінде көмкеріледі.
Еңбекші ауданында орналасқан №1 автожол бойындағы айналма жолға петуния, тагетес, катарантус сияқты жалпы саны 48 мың біржылдық гүл отырғызылады.

Гүлдер арнайы ұңғыма арқылы суарылады. Бүгінде қарқынды жүргізіліп жатқан көріктендіру жұмысына мердігер мекемелердің арнайы агроном мамандары мен техникалары жұмылдырылды.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде