jasqazaq.kz

Шымкент: Суармалы егістіктің жағдайы жақсарып келеді

23 шiлде 2023, 11:59

Елімізде «Ауыл аманаты» бағдарламасымен өңірлердегі ауыл тұрғындарына 2,5 пайыздық мөлшерлемемен несие беріліп жатыр. Алайда Шымкент биыл бұл бағдарламаға іліге алмапты. Тиісті министрлік келесі жылы Шымкентті «Ауыл аманатына» қосуға уәде бергенге ұқсайды. Дей тұрғанмен, шаһарда оған балама қолдау тетігі бар. Ол – жастарды бизнес бастауға құлшындыратын арзан несие бағдарламасы. Оның шартына сәйкес жас кәсіпкерлерге 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін несие беру қарастырылған.

Қазіргі таңда бұл бойынша қалаға 1,3 млрд теңге бөлініпті. Соның ішін­де ауыл шаруашылығы саласы бағытында басқармаға өтінішпен жолданған 26 жобаның алтауына қаржылай қолдау көрсетіліпті. Ал қалғандарының құжаттары қаралып жатыр. Осы көмектің барлығы кластерлік жобаларды қолдау, ұсақ шаруашылықтарды кооперативке біріктіру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Жалпы, мегаполистегі шаруашылықтар иелігінде мыңға жуық техника бар. «ҚазАгроҚаржы» институты арқылы фермерлерге лизингпен жаңа техника сатып алуға мүмкіндіктер ұсынылып жатыр. Бір айта кетерлігі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ғалымдары ойлап шығарған көшет егу мен өзі тегістеп арық-атыз салатын техниканы тіркеп, мемлекеттік субсидияға ұсыну жұмыстары қолға алына бастапты. Осы бастаманың нәтижесінде болашақта жергілікті фермерлер Шымкентте шығарылған техникалармен қамтамасыз етілетін болады.

Шаһарда жалпы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 30 мың гектар болса, соның 27 мың гектары игерілген. Суармалы егістік 5 мың гектарды құрайды. оған ағын су 27 канал арқылы келеді. Жыл сайын басқарма тарапынан 2-3 жөндеуден өтеді. Кеңес дәуірінен қалған каналдар болған соң күрделі жөндеуге біраз қаражат пен уақыт керегі түсінікті. Соның нәтижесінде суармалы егістіктің жағдайы жақсарып келеді.

Сонымен бірге биыл «Бақыт» шаруа қожалығы 50 гектар жерге жаңбырлатып суару технологиясын енгізіпті. Ол мемлекеттен тиісті қолдау шараларын алып, мал азығы дақылдарын егіп жатыр. Ал тамшылатып суару көбінесе жеміс пен көкөніс дақылдарының ирригациясында қолданылады. Алдағы уақытта 200 гектар жерге жаңбырлатып, тамшылатып суару технологияларын пайдалану бойынша жобалар әзірленіп жатыр.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста