jasqazaq.kz

Шымкент: Студенттер Германияда өндірістік тәжірибеден өтуде

27 тамыз 2024, 15:34

Бүгінде еліміздің студенттері шетелдік жетекші кәсіпорындарға барып, тәжірибе алмасуда. Биылдан бастап еліміздің ЖОО-ның білім алушылары LOGO E.V. одағының қолдауымен жыл сайын Германиядағы ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші холдингтерде өндірістік тәжірибеден өтетін болады. Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 6В09111-Ветеринарлық медицина білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері алғаш рет Германияға өндірістік тәжірибеден өтуге жіберілді, деп мәлімдеді аталған оқу ордасының баспасөз қызметі.

Студенттер Германиядағы жетекші кәсіпорынның жұмысымен танысып, шетелдік тәжірибелерді меңгеретін болады. Жуырда М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Ветеринарлық медицина» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор А.Күзербаева және «Аграрлық» факультеттің оқу ісі жөніндегі деканының орынбасары Б.Әбсатова студенттердің жағдайымен танысып қайтты.

-Өткен жылы Әуезов университеті мен LOGO E.V. одағының арасында ынтымақтастық түзіліп, студенттердің ауыл шаруашылығы практикасынан өту жайы келісілген болатын. Биыл LOGO E.V-дан тәжірибеден өтуге алты студент іріктелді. Олар Германиядағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 6 ай кәсіби білімдерін жетілдіреді. Оқу орнында алғаш қолға алынған жоба болғандықтан, студенттеріміздің жағдайын арнайы көріп қайттық. Бізді LOGO E.V. одағының төрағасы Хартвиг Меннен және тәлімгер Нұриддин Тоиров практика жүргізілетін шаруашылықтар және олардың жұмыс істеу тәртібімен таныстырды.Студенттеріміздің алып жатқан жаңа білім мен дағдылары ауыл шаруашылығы саласы дамыған елімізде бәсекеге қабілетті маман болуға көмегі тиетініне сенімдіміз, — дейді «Ветеринарлық медицина» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор А.Күзербаева.
Маманның айтуынша, білім алушыларымыз атқаратын міндеттеріне қарай өндірістік тәжірибе кезінде 400-700 еуро стипендия алады. Сонымен қатар олар неміс тілін үйреніп, неміс халқының мәдениетімен танысады. Демалыс күндері Еуропа елдерін тамашалауға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ студенттер алты ай бойы Германия елінің ветеринария саласындағы ерекшеліктерімен танысып, әдіс-тәсілдерін үйренетін болады.

Атап өтейік, LOGO E.V. одағы 30 жылға жуық ауыл шаруашылығы саласында студенттердің тағылымдамадан өткізумен айналысып келеді. Осы жылдар ішінде 4500-ге жуық студент Германияда тағылымдамадан өткен.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі