jasqazaq.kz

Шымкент: Соңғы үш жылда ана мен бала өлімі азайды

19 маусым 2024, 16:27

Мемлекет басшысы ана мен бала денсаулығын сақтау саласы мемлекетіміздің басты басымдығы саналатынын айрықша атап өткен еді. Отандық денсаулық сақтау жүйесінің алдында жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмектің қолжетімділігін әрі сапасын арттыру, ана мен бала өлімін азайту, балалардың мүгедектігін ерте анықтау және алдын алу жөнінде маңызды міндеттер қойылған. Шымшаһардағы денсаулық сақтау саласы бұл бағытта біраз шаруаны қолға алып, жүзеге асырып келеді.

Айталық, Шымкент қаласы бойынша соңғы 3 жылда атқарылған жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде ана мен бала өлімі азайған. Нәресте өлімі 19,3, ана өлімі 80,4 пайызға төмендеген. Басқарма басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаеваның айтуынша, бұл көрсеткіштерге босандыру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жақсаруы мен мамандарды шет елдерде оқытып, тәжірибе алмасуы септігін тигізген.

Жоғары санатты қалалық балалар клиникалық ауруханасы мамандарды оқыту, сонымен қатар мекемеде жоқ медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және ауруханада жоқ бейіндерді ашу бойынша жоспарларын биыл сәтті аяқтаған.
«Соңғы 3 жылда балалар ауруханасының құрал-жабдықпен қамтамасыз ету көрсеткіші 75-тен 94 пайызға жетті. Бұл ана мен бала денсаулығына көңіл бөлініп жатқанын көрсетеді. Барлық педиатриялық көмек бір орталықтандырылып, мамандар жұмылдырылған. Қабылдау бөліміне тәулігіне 450-500-ге дейін бала медициналық көмекке жүгінеді. Күніне 450-495-ке дейін науқас стационарлық көмек алады. Сонымен қатар біздің мекемеде тәулігіне 27-30-ға дейін операция жасалады. Тіпті қымбат оталарды да жасап жатырмыз. Қазіргі жеткен жетістік – эпилепсия ауруына шалдыққан балаларға ВНС қондырғысын қою қолға алынған. Бұл операцияның құны – 9 миллион теңге. Екі корпустан құралған ауруханада 495 төсек-орын бар. Естеріңізде болса, пандемия кезінде COVID инфекциялық орталығы ашылған болатын. Сол нысан былтыр клиникалық балалар ауруханасының қолданысына берілді. Нәтижесінде бізде төсек-орын саны артып, орын тапшылық мәселесі шешілді», – дейді қалалық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Динара Жұмаділова.

Аурухана базасында былтыр пайдалануға берілген ерекше балаларға арналған мамандандырылған стоматологиялық кабинетте дәрігерлер церебральды сал ауруына шалдыққан және басқа да мүмкіндігі шектеулі балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен емдеп жатыр.

Қазіргі таңда офтальмология бөлімшесін ашуға дайындық жұмыстары басталып кетті және ол үшін тиісті мамандар даярлану үстінде.

Бүгінде Шымкент қаласында 18 жасқа дейін тұрғындар саны — 470 мыңға жуық. Ал қалалық клиникалық балалар ауруханасы — оларға жоспарлы және жедел медициналық көмек көрсететін жалғыз медициналық мекеме.

JQ-Aqparat

Бүгін, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
30 сәуiр, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство