jasqazaq.kz

Шымкент: Шомылу маусымында төтенше жағдайға жол бермеу шаралары

18 шiлде 2024, 13:45

Шомылу маусымында төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шаралары тиісті мекемелердің тарапынан қатаң қадағалануы маңызды. Осы орайда Шымкент қаласы ТЖД ұйымдастыруымен ағымдағы жылы 03 шілдеде Еңбекші ауданында орналасқан «Рахат-Бадам» демалыс орнында судағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілді. Оған ТЖД жеке құрамы, полиция қызметкерлері және ерікті жастары жұмылдырылды.

Соның нәтижесінде судағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау туралы туралы ӘҚБтК-тің 412 бабына сәйкес (су ортасында адамдарды құтқару жилетінсіз суға шомылдырғаны үшін және шомылу аймағынан тыс жерде суға түскендігі үшін) 2 тұлғаға (Т.Жәміл 1996 ж.т. және К. Бескровный 2007 ж.т) 25 844 теңге айыппұл салынды.

Шымкент қаласы аумағында су айдындарында 5 ресми орын белгіленген. Оның үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Олар — «Холодильник» және «Рахат Бадам» демалыс орындары және Қошқар ата өзенінің бастауы. Сонымен қатар, спорт және туризмға арналған Дендрологиялық саябақ пен Жайлаукөлде шомылуға болады.

Шомылуға тыйым салынған 13 орын айқындалып, 25-тен астам ескерту белгілері орнатылған. Шомылуға тыйым салынған орындар мыналар:

Бадам өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары, Сайрам-су өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары, Текесу су қоймасы, Ақжар су қоймасы, Шымкент магистралды каналдың қала аумағында орналасқан барлық арналары, Янги-шек каналының қала аумағында орналасқан барлық арналары, Қарасу өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары, Өзеннің бастауын қоспағанда Қошқар ата өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары, Қайнарбұлақ жасанды көлі, Азат каналы, Көкбұлақ каналы, Хауау каналы, Сасық каналы.

Жалпы су пайдалану қағидаларын бұзған жағдайда Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 412-бабына (судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау) сәйкес хаттама толтырылып, 7 АЕК айыппұл салынады.

Шомылу маусымында, әсіресе, балалардың қауіпсіздігі ерекше бақылауда. Бұл бағытта Шымкент қаласының демалыс орындарында бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Іс-шара барысында мамандар судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға жол берілмейтінін еске салып, жадынамалар табыс етілді.

ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша судағы қаіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 2 адамға айыппұл салынды.

ТЖД қызметкерлері судағы жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында балаларды жүзуге де үйретуде. Нақтырақ айтар болсақ, «Hawai» жазғы сауықтыру лагерінде 50-ден аса балаға құтқарушы-сүңгуірлер суда жүзуді үйретті.

Қазір жазғы маусым кезінде балалардың көбі суға түскенді ұнатады. Бұл ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау керек екенін еске салды. Осыған байланысты ТЖД қызметкерлері ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
30 сәуiр, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство
30 сәуiр, 13:15
Астана іргесінде 4 туысын өлтірген күдіктіден реактивті психоз анықталды