jasqazaq.kz

Шымкент: Шектеулі мүмкіндіктің шексіз иесі

12 шiлде 2025, 20:10

Шымкент қаласындағы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың тифлология деген бөлімінің меңгерушісі Ербек Мейрамбайұлы Бакиев осында жұмыс істейтін әріптестері туралы айтқанда, олардың жетістігімен мақтанатыны анық байқалып тұрды.

Оның айтуынша, тифлология бөліміндегі Гүлсара Қаттабекова — бірінші топтағы көз мүгедегі. Бірақ оның кітапхана ісінен бөлек көптеген таланты бар. Мәселен, көз мүгедектері арасында көзін жауып қойып ойнайтын теннис үстелінен 2024 жылы Швейцарияның Цюрих қаласында өнер көрсетіп қайтты. Қазақстанның үстел теннисінен құрама командасында өнер көрсетіп жүр. Әр түрлі бағытта белсенді тағдырластарымыз бар. Ғабит Жақсыбаев дейтін азамат І топтағы көз мүгедегі бола тұра, кітапханамызда цифрлы педагог болып істейді. Зағип жандарға Луи Брайль жүйесіндегі оқу, жазуды тікелей осы ұялы телефон, ноутбук, компьютерде де үйретеді. Дыбыс жазу бөліміндегі Сейілхан деген азамат та І-топ мүгедегі бола тұра қоғамға белсене араласады. Кітапханамыздың басшысы Ахат Қанатұлы Нысанбеков — І топтағы көз мүгедегі. Көз жанары мүлдем көрмесе де, тоғызқұмалақтан түрлі жарыстарда қолмен сипап сезу арқылы жеңімпаз атанып жүр. Ибраш Мансұрбек деген бауырымыз да көзі мүлдем көрмейтініне қарамастан, Қазақстанда бірнеше рет өткен зағип жандар арасындағы жүзуден бірінші орынды 16 жылдан бері бермей келе жатқан азамат. Бірақ қазір жас ерекшелігіне байланысты спортты қойды. Әлемнің көптеген дамыған алпауыт мемлекеттерінде, астаналарында еліміздің атынан қатысып, жалаулатып, жүлделі орын алып қайтқан. «Көз жанарым көрмейді» деп салы суға кетіп отырған жоқ. 2010 жылы қалаға келгеннен бері жүзуге қабілетін шыңдаумен болды. Әуелі қаланы, сосын облыс, республиканы бағындырып, ақырында әлемдік аренаға шықты. Бірақ бір ғана «әттеген-айы» бар. «Әлемнің қаншама мемлекетіне барғанымды қайтейін, оның ешбірін де көре алмаймын ғой! Иә, айналамдағы адамдардың айтуымен түйсінемін. Бірақ көзбен көрген бөлек қой!» деген кезінде көзіңнен еріксіз жас ыршиды. Ән өнерінен де алдына қара салмайтын, халықаралық деңгейде мойындалып жүрген әншіміз Қасымхан Тәңірбергеновтің көзі нашар көреді, бірақ дауысы керемет. Ол ән айтқанда жаныңды жеп, құлағыңның құрышын қандырады», — дейді Ербек Мейрамбайұлы.

Өзгеге ұқсамайтын өмір. Мүмкіндігі шектеулі екендігіне қарамастан, үлкен-үлкен істердің басын қайырып жүрген батыл да батыр азаматтарға қарап таңданбасқа, таңдай қақпасқа шараң жоқ. Ербек Бакиевтің қаламынан 2014 жылы жарық көрген «Өмірге ғашық жүректер» атты кітапта да өзі сияқты тағдырластары туралы жазылды.

(Жалғасы бар)

Мөлдір Кенжебай

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды