jasqazaq.kz

Шымкент: Шаһар басшысы жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды

20 қараша 2024, 16:21

Шымкент қаласының әкімі жуырда Қаратау ауданындағы Ақселеу Сейдімбек атындағы № 80 IT мектеп-лицейіне барып, ондағы күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына көңілі толмаған еді. Шаһар басшысы мердігерге бір апта ішінде барлық кемшіліктерді жоюды тапсырды.

Сондай-ақ Тұран ауданындағы №48 орта мектепте ішкі әрлеу жұмыстарының сапасы төмен деп бағаланды. Әкімнің тапсырмасымен бұл кемшілікті мердігер тез арада түзетуі керек. Сонымен қатар, мектеп директорларына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дабыл түймелері мен бейнебақылау камераларын орнатуды қолға алу ұсынылды.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Әл-Фараби ауданындағы №39 орта мектепке арналған 375 орындық қосымша ғимараттың құрылысымен танысты. Жобаға оқу кабинеттері, асхана, спорт залы және мектеп аумағын абаттандыру қарастырылған. Құрылысты аралап көрген әкім мердігер ұйымға барлық жұмысты сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, «Тельман» шағын ауданындағы 1200 орындық жаңа мектептің, А. Байтұрсынов атындағы №50 орта мектепке арналған 575 орындық қосымша ғимараттың құрылысында болып, сондай-ақ Б.Момышұлы атындағы №120 орта мектепте жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары тексерді.

Жаңа білім беру нысандарының пайдалануға берілуі балалардың оқуы мен жан-жақты дамуы үшін жағдай жасап, қолданыстағы мектептердің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Осыған орай құрылыс басқармасына жұмысты бақылауды күшейтіп, нысандарды уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету міндетін жүктеді.
Шаһар басшысы Қаратау ауданында орналасқан Шымкент қалалық мемлекеттік архивіне де арнайы ат басын бұрды. Құжаттарды сақтау шарттарымен және архив материалдарын қалпына келтіру кабинеттерінің жұмысын бақылады. Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысына мәліметтерді цифрлық форматқа автоматты түрде көшіру жұмыстарын күшейтуді тапсырылды.

Бұдан бөлек, қала әкімі Қонаев даңғылының жалғасын салу жобасының екінші кезеңімен және Әйтеке би көшесінің ағымдағы жағдайымен танысты. Айта кету керек, мегаполистің инженерлік және автокөлік инфрақұрылымын дамыту – әкімнің тұрақты бақылауында. Мердігер ұйым өкіліне құрылыс нормалары мен өндірістік кестенің сақталуының маңыздылығын ескерткен әкім, жұмыстың сапалы аяқталуын тапсырды.

Сонымен қатар Еңбекші ауданында С.Көлбаев, К.Цеткин көшелерінің және Қапал батыр көпірінің санитарлық жағдайын және жарықтандырылуын да тексерді. Биыл ауданда 246 көшеге жарықшам орнату жоспарланған. Бүгінде оның 158-і жарықтандырылды, ал қалғаны жыл соңына дейін іске қосылады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс