Шымкент: Шаһар басшысы жол жөндеуде жұмысты жандандыруды тапсырды

17 қыркүйек, 14:37

Шымкент қаласы әкімінің кезекті аппарат мәжілісінде апатты нысандардың мәселелері мен «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы, сондай-ақ су тасқыны қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шаралар талқыланды.

Жиында қалалық құрылыс басқармасының басшысы О.Тәжібаев сейсмикалық қауіпті аумақтарда орналасқан тұрғын үй-жайларды сейсмонығайту шараларын баяндады. 233 көп пәтерлі тұрғын үйге техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілген. Соның нәтижесінде, сейсмикалық нығайтуды қажет ететін 68, апатты жағдайдағы 67 үй анықталған. 98 үйдің талапқа сай.

Габит Сыздықбеков тиісті сала басшыларына апатты, сейсмикалық нығайтуды қажет ететін тұрғын үйлер санын анықтауда зерделеу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Екінші мәселе бойынша қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә. Оңғар «Таза Қазақстан» жобасы аясында атқарылып жатқан шаралар барысын жеткізді. Мегаполис басшысы жауаптыларға тазалық жұмыстарына жергілікті тұрғындарды, кәсіпкерлік нысандар қызметкерлерін тартуды ұйымдастыруды тапсырды. Онымен қоса, қазан айында апта сайын сенбілік өткізу бойынша тапсырма берілді.

Аппарат отырысында су тасқыны қауіпсіздігін қамту жұмыстары да пысықталды. Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысына төтеншеліктермен бірлесе су жиналу қаупі бар аумақтардағы өзекті мәселелерді шешуді тапсырды.
Сонымен қатар, шаһар басшысы елді мекендерге инженерлік желілерді жүргізумен айналысатын мердігерлердің жолдарды рұқсатсыз қазу жағдайларына қатысты ескерту жасады.

«Қаламызға жанашырлықпен қараңыздар. Кез-келген жерді қазып, халыққа қолайсыздық туғызуға жол бермеу керек. Бұл бағытта мердігерлерге де тиісті шаралар қолданыңыздар. Намысқа тырысып, жұмысты жандандыру қажет, әріптестер», – деді қала әкімі.
Жалпы әкімдік тарапынан жауапты мамандарға жөндеу жұмыстарын сапалы атқарып, уақытында аяқтау керектігі үнемі ескертіледі. Өткенде қаланы аралау барысында шаһар басшысы «Тассай» шағын ауданындағы асфальт жамылғысының сапасын тексерген болатын. Осы жұмысты жүргізетін мердігер мекеме мен аудан әкімдігіне анықталған кемшіліктерді жоюды және санитарлық жағдайды реттеуді тапсырды. Келесі жылға жергілікті маңызы бар көшелерді жөндеу жұмыстарын жоспарға қосу қажеттігін айтты.

Барлық аудан әкімдеріне тұрмыстық қалдықтарды дер кезінде жинастыру, тазалық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза
30 қыркүйек, 13:20
Түркістан: Полиция жастар мен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
30 қыркүйек, 12:55
Назерке Тәнекеева: Қолдау бар. Тек тәуекел етіп, кәсіп бастау керек
29 қыркүйек, 22:52
Су үнемдеудің сәтті тәжірибесі
27 қыркүйек, 16:46
Түркістан: Жан-жақты іс-қимыл - мал ұрлығына тосқауыл