jasqazaq.kz

Шымкент: Сенат төрағасымен кездесуде инфрақұрылым мен логистика мәселесі талқыланды

05 шiлде 2024, 23:41

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Шымкенттегі сапарында қалалық мәслихат депутаттары және қоғам өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысының Жолдауда және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жолындағы міндеттер, қаланың дамуында Сенаттың ықпалы және Палата мен мәслихаттардың бірлескен жұмысының жаңа форматы талқыланды. Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде Әділетті Қазақстан құру, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жолында кешенді реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл бағыттағы белгіленген міндеттерді орындау барлық мүдделі тараптың белсенді әрі жүйелі өзара іс-қимылын талап етеді. Кездесуде мегаполистің дамуы, өзекті мәселелері, нақты айтқанда, инфрақұрылым және логистика мәселелерін шешу барысы талқыланды. Аталған проблемалардың оң шешімін табу үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі де сөз болды.
«Шымкентте жедел шешуді қажет ететін маңызды мәселелер бар. Бұл, ең алдымен, Мемлекет басшысының тапсырмасымен халықаралық сауда-логистикалық орталығын салуға қатысты екенін атап өткен жөн. Батыс айналма жолын және басқа да бағыттардағы жолдарды салу да негізгі міндет. Шымкент үшін мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығының құрылысы да өзекті. Сондықтан алдағы сессияда республика бюджетін қараған кезде сенаторлар аталған басымдықтарды және мәслихат депутаттарының ұсыныстарын назарға алады», – деді Мәулен Әшімбаев.


Айта кетейік, Шымкентте тұрғындардың еңбекқорлығының арқасында шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі артуда. Бүгінгі күнге белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің саны 130 мыңға жетіп, республика бойынша қала бұл көрсеткіште алдыңғы қатарда. Қала экономикасының дамуының негізгі факторы – инвестициялық белсенділік. Қалаға тартылған инвестицияның 80 пайызы жеке инвесторлар есебінен құралды. Қаланың өндірістік әлеуетін арттыру мақсатында 2 жаңа өндірістік алаң құру және қолданыстағы 3 өндірістік алаңды кеңейту жұмыстары қолға алынды. Қала басшысы Ғабит Сыздықбеков: «Алыс және жақын мемлекеттермен іскерлік байланыстар жанданып, Шымкент экономикасына инвестиция салатын инвесторлардың да қызығушылығы артуда. Атап айтқанда, қытайдың «Fujian Hengwang Investment Co., Ltd» компаниясымен қаламызда металлургиялық зауыт салу туралы меморандум түзілді. Жобаны жүзеге асыру барысында қалаға 1 млрд 750 млн АҚШ доллар инвестиция тартылып, 1 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады” – деді.


Ашық диалог алаңында депутаттар мен қоғам өкілдері республикалық деңгейде шешілуі қажет өзекті мәселелер мен жалпы қоғамға қатысты заңнамалық актілер қабылдау немесе өзгерістер енгізу бойынша сұрақтарын жолдап, ұсыныстарын білдірді.
JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде