jasqazaq.kz

Шымкент: Сейсмикалық қауіпсіздік шаралары талқыланды

23 қазан 2024, 12:44


Шымкентте сейсмикалық қауіпсіздік пен төтенше жағдайларға дайындық мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынға жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау қызметкерлері, ұялы байланыс операторлары, төтенше жағдайлар қызметі және басқа да уәкілетті мекемелердің өкілдері қатысты. Күн тәртібінде басты назар сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жер сілкінісі жағдайында азаматтық қорғаныс қызметінің дайындық деңгейін бағалауға бағытталды.

Кеңес барысында Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов және төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Еркін Отарғалымұлы сейсмикалық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді талқылады. Олардың есебіне сүйенсек, Шымкент аумағындағы жалғыз сейсмостанцияның ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді, ал қолданыстағы жабдықтар жаңартылуы тиіс.

Соңғы жеті жылда қала аумағында магнитудасы 2 балдан асатын 16 жер сілкінісі тіркелген.

Ғимараттардың қирауы және құрбан болғандар тіркелген жоқ. Дегенмен, Шымкент қаласы үшін сейсмикалық қауіп тудыратын басты аймақ – Түркістан облысындағы Қаржантау тау жоталары (Қазығұрт және Төлеби аудандары). Осы жоталардан келетін сейсмикалық белсенділік қаланың қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіреді. 1976 жылы жүргізілген соңғы инженерлік-геологиялық зерттеулер Шымкенттің топырақ құрамының сейсмикалық жағынан қолайсыз екенін көрсетті. Нәтижесінде, қалада жер сілкінісі болған жағдайда оның күші стандартты көрсеткіштен бір балл жоғары болады. Бұл қирау қаупін арттырады.
Жиын қорытындысында қала прокуроры Ғабит Мұқанов мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығына ерекше тоқталды. Жауапты мекемелерге жоспарланған іс-шараларды уақытылы аяқтау бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттілігі жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

JQ-Aqparat
Сурет:Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

23 сәуiр, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
23 сәуiр, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов
23 сәуiр, 15:54
Как будут реализовываться новые инвестиционные проекты в Туркестанской области?
23 сәуiр, 15:48
Языковая политика в Туркестане приносит свои плоды
23 сәуiр, 15:42
Галымжан Орынов: В Туркестане система образования вступила в новый этап
22 сәуiр, 15:52
В Туркестанской области строится мегаферма на 50 тыс голов
22 сәуiр, 15:49
Туркестан: В Ордабасинском районе реализовано более 120 проектов
22 сәуiр, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт