jasqazaq.kz

Шымкент: Сарқынды су арнайы қондырғымен бейтараптандырылып жатыр

26 маусым 2023, 10:43

Қазір қала аумағында жағымсыз иістерді бейтараптандыруға арналған «Ылғалды барьер» қондырғылары қалыпты жұмыс істеп тұр. Жағымсыз иісті болдырмау үшін шұңқырларды тұзбен толтыру жұмыстары да үздіксіз жүргізіліп келеді.

Үшінші мегаполистегі халық санының өсуіне, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысының артуы қала тазалығына әсер етері анық. Бұл жөнінде қала әкімі Мұра Әйтенов кәріз суынан шыққан қалдықтарды қазіргі аумақтан орнын алыстатуға және залалсыздандыру тұздарын уақытылы, мөлшерге сай шашып тұруға тапсырма берген болатын. Өйткені санитарлық тазалығы туризмді дамытуға, кқбірек инвестор тартуына кедерігі келтіруі ықтимал.

Қазірға таңда қала аумағында жағымсыз иістерді бейтараптандыруға арналған «Ылғалды барьер» қондырғылары қалыпты жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, жағымсыз иісті болдырмау үшін шұңқырларды арнайы тұзбен толтыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.

Бүгінге дейін кәріз суларын тазалау аумағын қоршай 2000 түптен аса көшет отырғызылып, тамшылатып суғару жүйесі құрылған. Аумақта жалпы ұзындығы 1100 метрді құрайтын қолданыстағы лай төсеніштерінің айналасына темірбетон қоршауын салу жұмыстары басталды. Жұмыс биылғы жылдың шілдесіне дейін аяқталатын болады. Жоспарға сәйкес, 2024-2025 жылдары тазарту қондырғысының бүкіл аумағында толығымен 10 000-нан аса көшет отырғызылады. Алдағы уақытта жағымсыз иіс тұрғындарға келеңсіздік тудырмас үшін еуропалық стандарттағы жаңа технологиялық тазарту қондырғысы қолданылатын болады.

Сонымен қатар, қондырғының қуаттылығын тәулігіне 200 мың текше метрге дейін арттыру, 50 мың текше метрге дейін тазарту үшін қосымша құрылыстар салу басты жоспарда. Осыған орай, мамандар миллиондаған тұрғыны бар Берлин, Мәскеу, Ташкент секілді ірі қалалардың тазарту қондырғыларының жұмысымен тәжірибе алмасады.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі