jasqazaq.kz

Шымкент: Сарбаздар отан алдындағы борышын өтеуге әскерге аттанды

06 сәуiр 2023, 13:20

Бүгін қалалық Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына қаланың 40 жас сарбазын салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Аталған кешке қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев, Қарулы Күштер ардагерлері және интернационалист-жауынгерлер кеңесінің төрағалары, сондай-ақ әскерге шақырылғандардың туыстары мен жақындары қатысты.

Жиында сөз сөйлеген қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев әскерге шақырылғандарға сәттілік тіледі.

– Әскер – жас жігіттің өміріндегі маңызды кезең. Әрбір ер адам қауіп төнген сәтте өз отбасы мен Отанын қорғауға дайын болуы керек. Ал болашақ жауынгерлердің әзірліктерін көтеру, Отан қорғайтын батыр, рухы мықты сарбаздарды дайындау — бізге жүктелген міндет, — деді полковник Әбдіғабит Шегебаев.

Қазақстан Республикасы Конституциясындағы маңызды міндеттердің бірі —Отан алдындағы борышты өтеу. Бұл — әр азаматтың абыроймен атқаратын міндеті. Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауы, көк аспанымыздың жарқырауы — сіздерге байланысты. Сіздер әскери міндетті адал орындау арқылы кейінгіге үлгі боласыздар. Әскери борышты өтеу — сіздер үшін үлкен сын. Сол сыннан сынбай, ел қауіпсіздігі үшін қызмет етіп, абыроймен оралатындарыңызға сенім мол, — деп ойын толықтырды.

Қарулы күштер сапында қызмет ету үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мұны жете түсінген жігіттер Отан алдындағы борыштарын атқаруға дайын.

Биылғы шығарып салу салтанатында әншілер әннен шашу шашып, 35-740 әскери бөлімі бірнеше музыкалық шығарманы орындап, қару қолданудың түрлі әдісін көрсетті.

Айта кетейік, көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында үшінші мегаполистен ҚР ҰҚК шекара қызметінің қатарына 18 бен 27 жас аралығындағы 200-ге жуық бозбала шақырылды.

Мерей Әлімбек

16 маусым, 15:46
Футбол: Азия мен Африканың аты озып тұр
16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
16 маусым, 12:08
Үй аумағында көлік қоюға қатысты ІІМ ресми түсініктеме берді (Видео)
15 маусым, 21:30
Атышулы kizdar.net сайтының артында кімдер тұр? (Видео)
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку