jasqazaq.kz

Шымкент: Сапалы жол – озық инфрақұрылымның белгісі

23 сәуiр 2024, 11:40

Еліміздегі үшінші мегаполис — Шымкенттің күретамырына айналған жолдар қала экономикасының өркендеуі мен күнделікті тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Шаһар аумағы 1,2 мың шақырымды құрайтынын ескерсек, жол инфрақұрылымы дамыту маңызды міндеті болып табылады. Шаһар басшылығы осы салаға айрықша назар аударып отыр. Соның нәтижесінде жол инфрақұрылымын дамыту бағытында жоспарлы жұмыстар іске асырылып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында жан-жақты баяндалды.

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлағандай, мегаполистегі негізгі көшелерде жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Қонаев даңғылындағы жол құрылысы жұмыстары 7 кезеңнен тұрады. Баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 1,3 және 4 кезеңі аяқталды. Екінші және бесінші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ, Өтегенов көшесі ұзартылып, мұнда 1,2 кезеңдер бойынша жол салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспарға сәйкес, Қонаев даңғылындағы жұмыстардың 2-кезеңі мен Өтегенов көшесінің 1,2 кезеңі биылғы жылы аяқталуы тиіс.

Шаһар көшелерендегі жұмыстар қаладағы жолдардың сапасын жақсартып, апатты жағдайлар санын азайтуға және көлік кептелісін анағұрлым төмендетуге бағытталып отыр. Алтынсарин көшесінде қайта жөндеу жүргізу осы мақсатты көздейді. Бұл Бәйдібек даңғылы бойында көлік қозғалысын оңтайландырып, кептелісті азайтуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, Шымқаладағы Юсупов, Жаңа Қоныс, Тамшыбұлақ және Ізенді көшелерінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне жүгінсек, биыл мегаполистегі 144 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Қалада жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатпен бірқатар көшелердегі ойық пен шұңқырды жамауға арналған жұмыстар қолға алынады. Басқарманың жұмыс жоспарына сәйкес, 420 мың шаршы метр аумақ қалпына келтіріледі.
Мегаполисте көлік қозғалысын оңтайландыру бағытында қолға алынған жобалардың бірі – А2 айналма жолында қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу. Бұл жұмыстар 8 кезеңнен тұрады. Жобаның 1,2 және 3-ші кезеңі өткен жылы аяқталып, пайдалануға берілді. Биыл 4,7 және 8-ші кезеңдері бойынша жұмыстарды аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал қалған 5-6-шы кезеңдері алдағы пайдалануға беріледі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі