jasqazaq.kz

Шымкент: Сапалы интернетпен қамту қарқынды жүргізілуде

05 тамыз 2024, 10:33

Интернеттің қолжетімді болуы – елдің цифрлық дамуындағы стратегиялық маңызды мәселе. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ең алдымен цифрлық теңсіздікті жою, интернетке барынша қолжетімділікті және барлық азаматтардың сапалы байланысқа қосылуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өткен болатын. Бүгінде Шымкент қаласында елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Қалалық цифрландыру басқармасының қолдауымен және жеке инвестор FISHNET компаниясының қатысуымен Самал-2, Наурыз шағынаудандары талшықты оптикалық интернет желісімен қамтылды, деп мәлімдеді Шымкент қалласы әкімінің баспасөз қызметі.
Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов Наурыз шағынауданы тұрғындарымен кездесіп, жоғары жылдамдықты интернеттің сапасын тексерді және атқарылып жатқан жұмыстардың барысын түсіндірді.
Жоспарға сәйкес, Самал-2, Наурыз және Асар-2 шағынаудандары кең жолақты, талшықты оптика желісімен қамтамасыз етілуде. Жұмыстарды жүзеге асырып жатқан жауапты компания – FISHNET.
2024 жылдың соңына дейін 20 елді мекенді интернет желісімен қамту жоспарланып отыр. Жалпы, Шымкент қаласындағы 81 елді мекеннің басым бөлігіне жоспар бойынша орындалды. 2025 жылдың соңына дейін барлық елді мекенді толық қамту көзделуде.


FISHNET компаниясының өкілі Нұржан Алматовтың айтуынша, интернет орнату тегін жүзеге асырылады, ал тұрғындар тарифті өздері таңдай алады. Қазіргі уақытта Наурыз шағынауданында 150 абонент жаңа желіге қосылған.
Осы жылға 71 мың қала тұрғынын қамтитын 12 аумаққа базалық станция орнатылу жоспарға қойылған болса, бүгінде олар бойынша жер телімдері анықталып, инвесторларға ұсынылған. Қазір бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Маятас, Елтай, Тоғыс, Бозарықта жеке нысан иелерімен келісу арқылы базалық станция орнатылып, іске қосылды.
Өткен жылы 20 елді мекенге оптикалық желіні тарту бойынша жеке инвесторлармен меморандумға қол қойылған болатын. Келісімге сәйкес, 2023-2025 жылдары аралығында тұрғын алаптардың тізімі және мерзімдері анықталды.
Бұл бастама Шымкент қаласының цифрлық инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындарға сапалы интернет қызметтерін ұсынуға бағытталған. Қала басшылығы мен инвесторлар қаланың цифрландыру жұмыстарын жалғастыра отырып, тұрғындарға заманауи және қолжетімді интернет қызметін ұсынуға ұмтылуда.

JQ-Aqparat

Cурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық