jasqazaq.kz

Шымкент: Республика күні қарсаңында жастар шеруі өтті

24 қазан 2024, 13:36

25 қазан – Республика күніне арналған маңызды іс-шаралардың бірі ретінде Шымкент қаласында «Тарих тағылымынан – тұғырлы тәуелсіздікке» атты жастар шеруі өтті. Бұл шараны қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды.

Жастар шеруі еліміздің тәуелсіздігін дәріптеу, жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау және олардың патриоттық рухын көтеру мақсатын көздеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке» деген сөздері жастардың көңілін шабыттандырып, шеруге ерекше мән берді.

Шеру «Қазақ хандығына 550 жыл» монументінен басталып, Тәуелсіздік алаңына дейін жалғасты. Белсенді түрде қатысқан 33 жас әр оқу орнынан шыққан өкілдер болды. Бұл іс-шара еліміздің тарихи өткені мен қазіргі жетістіктері арасындағы терең байланысты көрсетіп, тәуелсіздік жолындағы күрестің маңызын жастарға ұғындыруға бағытталған. Сондай-ақ, шара ұлттық құндылықтарды бағалап, жастардың болашақтағы жауапкершілігін арттыруға үлес қосты.

«Жастар ресурстық орталығының» басшысы Марат Спатаевтың айтуынша, бұл шарада жастардың рөлі айрықша көрінді. Олар Қазақстанның болашағын қалыптастырып, егемендікті сақтап қалуға атсалысатын буын ретінде ерекше мәнге ие. Сонымен қатар, патриоттық тәрбие беру және ел тарихына деген қызығушылықты арттыру – осындай шерулердің негізгі мақсаттарының бірі екенін баса айтты.

«Республика күні –  еліміздегі әрбір азамат үшін ортақ мереке. Шеру арқылы жастардың рухы көтеріліп, еліміздің тарихын мақтан тұту сезімі ұлғайды. Шара барысында рәміздерге құрмет артып, Отанға деген махаббатымыз одан әрі нығая түсті», – деді Марат Спатаев.

Осындай игі бастамалар жас ұрпақты елін сүйетін, мемлекет тағдырына бей-жай қарамайтын азамат ретінде тәрбиелеуге септігін тигізіп, олардың бойындағы патриоттық сезімді оята түсетіні сөзсіз.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы»

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде