jasqazaq.kz

Шымкент: Ресейлік дәрігерлер шеберлік сағатын өткізді

21 қараша 2024, 11:59

Шымкентте неонатолог дәрігерлердің халықаралық шеберлік сабағы өтуде. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ресейден келген бір топ маман перзентхана қызметкерлерін неонатологиядағы қарқынды терапия бойынша оқытуда. Оған Свердлов облыстық денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас маман-неонатологы Ольга Ксенофонтова және Екатеринбург перинаталдық орталығының жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бөлімінің меңгерушісі, анестезиолог-реаниматолог Евгений Шестак қатысуда.

Семинар аясында дәрігерлер төмен салмақпен туған нәрестелерге күтім жасау, тыныс алуды қолдау, сепсис пен көп мүшелік жеткіліксіздікті емдеудегі біліктіліктерін шыңдайды. Практикалық жұмыстар заманауи симуляторлардың көмегімен өтеді, бұл қатысушыларға барынша шынайы жағдайда маңызды мануальды дағдыларды пысықтауға мүмкіндік береді.

Бұл шеберлік сағаты шымкенттік дәрігерлерге білімді жетілдіру және практикалық дағдыларды шыңдау мүмкіндігін ғана емес, өңірдегі жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің сапасын арттырудағы маңызды фактор болып табылатын командалық өзара іс-қимылды нығайтуға септігін тигізеді.
Шымкент қалалық перинаталдық орталығында алғаш рет неонаталдық хирургия бөлімшесі биылғы жылдың басында ашылды. Осының арқасында мамандар енді перзентхананың қабырғасында өмірдің алғашқы күндерінде ауыр аурулары, туа біткен даму кемістіктері бар балаларға шұғыл хирургиялық көмек көрсете алады.

Бөлімшені жарақтандыру үшін сәбилерге күрделі операциялар жүргізуге қажетті заманауи техника мен жабдықтар сатып алынды.
Сондай-ақ құрамында неонаталдық хирург, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог-реаниматолог бар мамандар штаты жасақталған.
Неонаталдық хирургия бөлімшесі ашылғаннан бері орталықтың дәрігерлері 40-қа жуық нәрестенің өмірін сақтап қалды.

Шымкентте 2024 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша қалада сәбилер өлімінің деңгейі 30%-ға төмендеді. Бұл медициналық ұйымдардағы отбасын жоспарлау кабинеттеріндегі медицина қызметкерлерінің белсенділігін көрсетеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Шымкент қаласында ана мен бала денсаулығын жақсарту денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Ал қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, осындай халықаралық тәжірибе алмасу жұмыстары дәрігерлердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі