jasqazaq.kz

Шымкент: Полиция нашақорлыққа қарсы іс-шаралар өткізді

24 қыркүйек 2024, 15:52


Елімізде нашақорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Шымкент қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қалалық полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік және жергілікті аумақтық органдармен бірлесе отырып, нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы бағытта елеулі жұмыстар атқаруда.

Сондай-ақ оның алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізіп келеді.
Жаңа оқу жылының басталуына орай, полицейлер қала мектептерінде оқушылармен кездесулер өткізіп, есірткі қолданудың және нашақорлықтың алдын алу бойынша арнайы ақпараттық-түсіндірмелік дәрістер, тәрбие сағаттарын өткізуде. Осы мақсаттағы жұмыстарда полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізеді.
Оқушыларға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың денсаулыққа қауіптілігі жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болудың маңыздылығын атап көрсетуде.
Сонымен қатар, оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақыруда.

17-23 қыркүйек аралығында өткен «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс шарасы аясында С.Ерубаев атындағы №24 IT-мектеп лицейінде буллинг пен есірткіге қарсы күрес мәселелеріне арналған 500-ге жуық оқушының қатысуымен кездесу өтті. Онда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың, қорқыту және нашақорлықтың жағдайларының алдын алу мәселелері талқыланды. Заң бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершіліктер туралы түсіндірілді.
Сондай-ақ Шымшаһарда құқық қорғаушылар мен еріктілер есірткі қылмысына қарсы күресте бірікті. 300 адам ғимараттардың, қоршаулардың және басқа қасбеттердің сыртқы қабырғаларында қалдырылған граффити суреттер түріндегі есірткі жарнамаларын өшірді.

Кең ауқымды акцияға жергілікті полиция қызметі, прокуратура қызметкерлері, коммуналдық қызмет, «Жастар ресурстық орталығының» өкілдері және еріктілер қатысты.

Рейд нәтижесінде есірткі жарнамасы бар жарты мыңнан астам сурет жойылды.
ШШымкент ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының өкілдері есірткі сатушыларға жас пен әлеуметтік статус маңызды емес екенін түсіндірді. Олар тіпті кәмелетке толмағандар арасында клиенттер мен көмекшілерді іздеп, тыйым салынған заттар курьерінің жұмысын ұсынатын сайттарды қасбеттерде қалдырады. Жыл басынан бері қала полициясы есірткі таратқаны үшін 50-ден астам адамды ұстады.

Құқық қорғаушылар есірткі жарнамасына қарсы күресті жалғастырып, осындай рейдтер мен акциялар тұрақты негізде жүргізілетінін атап өтті.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
Бүгін, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
Бүгін, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды