jasqazaq.kz

Шымкент пәтерлерінің бірінде арбаға таңылған қария тірідей өртеніп кетті

02 мамыр 2017, 10:53

Шымкентте 28 сәуір күні таңғы сағат 6 шамасында Тұрлан экспедициясындағы жеке үйдің бірі өртеніп кетті. Тілсіз жаудың кесірінен үйдегі барлық зат жанып кеткенімен қоймай, арбаға таңылған қария да мерт болған. Мүгедек қарт өздігінен жүре алмай, арбаға таңылған. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

Күлі қалған үйдегі қызыл жалынды өрт сөндірушілер әрең дегенде ауыздықтаған. Үйдің ішінде тірідей өртеніп кеткен қарт кісінің денесі жатыр. Арбаға таңылған 88 жастағы зейнеткер өмірін сақтап қалғысы келді ме, өздігінен қимылдауға әрекет еткен.

Алайда, үйде жалғыз қалған мүгедек қария бұл кезде ажалға қарсы тұра алмай, мерт болады.

Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің сөзінше, жеке үйдегі өрт 28 сәуір күні таңғы сағат 6 шамасында болған. Өрт сөндіру үшін 4 техника мен жеке құрамның 21 қызметкері жұмылдырылған.

Қызыл жалынның шығуына есік электр сымдарының тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Бірақ, бұл нақты болжам емес. Қазір оқыс оқиға болған жерде тексеру жұмыстары жүруде.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 164 өрт оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан үш адам зардап шегіп, бес адам қаза тапқан.

«Тілсіз жаудың басым бөлігі жеке үйлерде болады», — дейді құтқарушылар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде