jasqazaq.kz

Шымкент: «Отбасын жоспарлау және отбасылық психология» тақырыбында семинар өтуде

16 наурыз 2024, 10:30

Бүгінде қоғамдағы түйткілді мәселелердің бірі – ажырасу. Соңғы жылдары елімізде шаңырағы шайқалған отбасылардың саны артқан. Тіпті, Қазақстан ажырасу бойынша әлемде 16-шы орында тұр. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда неке құрған әрбір үшінші отбасы ажырасады екен. Осыған орай үшінші мегаполисте «Отбасын жоспарлау және отбасылық психология» тақырыбында семинар өтті.

Екі күндік семинарға қала аумағындағы отбасын қолдау орталықтарының мамандары, отбасын құруды жоспарлап жүрген жастар қатысуда. Ал, тәлімгерлер ретінде психолог, қаржы мамандары мен білікті дәрігер болды. Олар қатысушылармен сұрақ-жауап, ойын ойнату форматында еркін пікір алмасып, білімдерімен бөлісті.

– Отбасы – бірліктің, берекенің, адамгершілік қасиеттердің ордасы. Қазіргі қоғамдағы ажырасу, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жоққа шығара алмаймыз. Әрине, ол жағдайлардың көбі екі адамның отбасы жайлы түсініктері мен жауапкершілік мәселесінде болып тұр.

Осыған орай жастарға некеге дейін отбасылық өмір туралы сауаттылық арттыратын осындай іс-шаралар өткізіп тұру керек. Әсіресе құқықтық сауаттылық өте маңызды. Өйткені тұрмыстық зорлық-зомбылық дәстүр емес, қылмыс, – дейді Қарағанды қаласынан келген дәріскер Руслан Тоқатов.

Сонымен қатар, семинарда қаржылық сауаттылық бойынша бизнес-кеңесші Арман Ақбердиев, репродуктивті денсаулық бойынша Назерке Райымбекова мазмұнды сабақтар оқып, тыңдаушылардың көңілінен шықты.

Семинарға қатысушылар өздеріне пайдалы ақпарат алып, тиімді тәжірибе жинағандықтарын тілге тиек етті.
Айта кетейік, іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының халық қорының ұйымдастыруымен өтуде. Семинар ертең де жалғасады.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі