jasqazaq.kz

Шымкент: Орталық Азия елдері театрларының ІX Халықаралық фестивалі өтіп жатыр

11 қараша 2024, 14:53

Шымкент қаласында өтіп жатқан Орталық Азия елдері театрларының ІX Халықаралық фестивалі көрермендерді тамаша қойылымдармен қуантуда. Бүгінге дейін фестиваль аясында Самарқанд облыстық музыкалық драма театры көрермендерге Әлішер Науаидің мәңгілік махаббат дастаны – «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымын ұсынды. Спектакльдің қоюшы режиссері – Асқар Холмуминов осы туынды арқылы көрермендерге мәңгілік махаббат пен қайғы-қасіретке толы трагедиялық-метафоралық хикаяны шынайы жеткізуге тырысты.

Бұл қойылым көрнекті Шығыс әдебиетінің асыл мұрасы саналатын «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының құдіретін жаңаша ашып, Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдық мерейтойына арналып қойылды. Ұлы шайырлар – Дехлеви, Жәми, Науаи, Физулиге шабыт берген, махаббаттың мәңгілік және қайғылы болмысын ашқан дастанның мазмұны көрермендерге терең әсер қалдырды.

Сонымен қатар Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік академиялық музыкалы театры Ш.Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» шығармасы негізінде «Лувр үйрегі» спектаклін сахналады. Жас режиссёр Мұхтар Реймов бұл қойылымды тек 4 актёрмен алып шыққан. Бұған дейін Халықаралық жарыстарда жүлделі І орынды иеленген қойылым, көрерменнің де көңілінен шықты. Енді тек, әділ-қазылар алқасының шешімі күтілуде.

Ал алматылық Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ІХ Халықаралық фестивальде ерекше өнерімен көрерменді тәнті етті. «Ұлпан» шығармасын 27 жылдан кейін жаңаша форматта қайта сахналанған театр ұжымы өткен мен бүгіннің байланысын сақтаған. Шығармадағы кейіпкерлердің образы тек автордың суреттеуімен шектелмей, режиссер әр детальға мән беріп, әр көрініске жан бітірген. Ғабит Мүсіреповтің қаламынан туған, қазақ әдебиетінің інжу-маржаны Ұлпанның жас кезін Рабина Белгібаева сомдаса, есейген шағын — Толқын Нұрбекова алып шықты.
Ал, қоюшы режиссер — Мәскеудегі Вахтангов театрының режиссері Гүлназ Балпеисова. Шетелден арнайы шақыртылған маманның өзгеше көзқарасына труппа алғашында қарсы да болыпты.

«Өйткені, сол заманның еншісіндегі дүниені бүгінгімен байланыстыруды қабылдамадық. Бұл актерлар мен көрермен үшін перформанска толы болғанын жасармаймыз. Себебі, спекталь заманауи форматта сахналанды. Мәселен, бетперде киген, ролик тепкен кейіпкерлер, рок бағытындағы әуендер және ерекше декорация. Осының барлығы бір сахнада әдемі үйлесім тапты,-дейді актриса Толқын Нұрбекова.

3,5 сағатқа созылған «Ұлпан» қойылымында қазақ халқының тыныс тіршілігін сипаттайтын жер дауы, жесір дауы, әменгерлік, барымташылық, қыз айттыру, қалың мал беру, жарлы мен жақсының күрес тақырыптары көтерілген. Бұл жолы өзгеше талғам мен көзқарас, ерекше коллаборация, қайталанбас образдар ұштасқан өнер туындысына, «әлемдік сахналарды мойындатын спектакль» деп баға берді көрермен. Алдағы уақытта фестиваль аясында үздік аталған қойылымдар анықталады.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде