jasqazaq.kz

Шымкент: Орта және шағын бизнесте 200 мыңнан астам адам еңбек етеді

17 тамыз 2023, 21:58

Орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау мемлекетіміздің тұрақты стратегиясы болып табылады. . Сала экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күшіне айналуға тиіс. Бұл ретте Мемлекет басшысысы бірқатар тапсырмалар жүктеп, нәтижелі мемлекеттік бағдарламаларды бекітті. Президент тапсырмасы аясында атқарылған кешенді шаралардың нәтижесінде Шымкентте бүгінде 128,6 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді.

Өткен жылдың есептік кезеңінде бұл көрсеткіш 46,4%-ға өсім көрсетті. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 213,7 мың адамға жетіп, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,8%-ға өскен. Өндірілген өнім көлемі бойынша бүгінде 517,8 млрд. теңгені құрап, шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 50,3%-ға жетті. Бүгінгі таңда қалада мемлекеттік бағдарламалар аясында 3516 шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына қолдау көрсетілді.

Шымкент қаласында экономиканың дамуына тың серпін беріп отырған саланың бірі – өнеркәсіп. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бүгінгі таңда шаһарда жұмыс істеп тұрған 5 өндірістік алаң бар. Онда жалпы құны 350 миллиард теңгені құрайтын 335 инвестициялық жобасы жүзеге асырылып жатыр.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында республикамыз Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында еліміз шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құруға бейімделуі керектігін тапсырған еді. Осындай мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар Шымкент қаласында да атқарылуда. Бүгінгі таңда қалада өндіріс алаңдарына қажеттіліктің артуына байланысты, жаңадан жалпы аумағы 867 гектарды құрайтын 5 өндіріс аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, жаңадан 3 индустриалды аймақ ашылып, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен Шымкент көлік-логистикалық аймағын кеңейту көзделуде. Бұл аймақтарда жалпы жиынтығы 400 миллиард теңгені құрайтын 284 инвестициялық жоба іске асырылады. Онда 12 мыңға жуық жұмыс орны құрылады, — дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Оның айтуынша, жаңадан құрылып жатқан «Жұлдыз» индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Онда машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 200 миллиард теңгені құрайтын 50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске асырылмақшы. Бұл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, аталған аймақта инвестициялық құны 147 миллиард теңге құрайтын, 42 жобаны іске асыру жұмыстарын бастап кеткен. Оның ішінде биыл инвестициялық құны 7 миллиард теңге құрайтын, 400-ден аса жаңа жұмыс орындарымен 5 жобаны іске қосу көзделуде.

Мерей Әлімбек

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста