jasqazaq.kz

Шымкент: Өнімдерді экспорттау әлеуеті артты

31 тамыз 2023, 22:04

Шымкент қаласындағы сауда айналымы артып келеді. Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Әзімбердиевтің айтуынша, Шымкент қаласының сыртқы сауда айналымы 404,4 миллион АҚШ долларды құрады. Оның ішінде, экспорт – 137,4 миллион долларды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,2 пайызға өскен.

— Бүгінгі таңда қаламызда экспорт көлемінің артқаны байқалады. Атап айтар болсақ, жалпы экспорттың ішінде шикізаттық емес экспорт көлемі есепті кезеңде 106,5 миллион АҚШ долларға жетіп, ол өткен жылмен салыстырғанда 154,8 пайызды құрады. Бұл салада экспортталып жатқан өнімдер қатарында мұнай, тамақ, фармацевтикалық, машина мен жабдықтардан басқа дайын бұйымдар бар. Мәселен, есепті кезеңде жалпы құны 49,9 миллион долларды құрайтын мұнай, 15,3 миллион доллар тамақ, 4,9 миллион доллар фармацевтикалық, 4,4 миллион доллар машина мен жабдықтардан басқа дайын бұйымдар өнім өндіріліп, экспортталған. Бұдан бөлек, 2,1 миллион долларды құрайтын өнеркәсіп химикаттары, 1,3 миллион доллар металл емес минералдық өнімдер өндіріліп өткерілген. Сондай-ақ, 9 миллион доллар резеңке және пластмасса бұйымдары, 6 миллион долларды құрайтын қағаз және қағаздан жасалған өнімдер шығарылған. Экспорттың басым бөлігі Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Ресей, Қырғыз, Түркия, Қытай мемлекеттеріне жіберілді, — дейді басқарма басшысы Біржан Әзімбердиев.

Ал өңдеу өнеркәсібінде қаладағы (тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсібінде, машина жасау, металлургия, фармацевтика және құрылыс өнімдерін өндіру т.б салаларында) 54 кәсіпорын тұрақты экспортқа өнім шығаруда екен.

— Экспортқа бағдарланған жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету, өнімдерін экспортқа шығаруда бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда: «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы және «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамымен бірлесіп, экспорт жөніндегі өңірлік кеңесі өткізілді. Бұдан бөлек, экспорт және халықаралық сауда бойынша оқыту курстарының сессиясы ұйымдастырылып, іс-шараға қаладан 30 кәсіпорын қатысты. Аталған іс-шараларда кәсіпкерлерді қолдау, экспортқа өнім шығарудың тетіктері қарастырылды, — дейді Біржан Әзімбердиев.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі