jasqazaq.kz

Шымкент: Он айда 257 спорт шарасы өткізілді

19 қараша 2024, 13:03

Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласында спорт саласын дамытуға айрықша мән беріледі. Сондай-ақ тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына барлық жағдай жасалған. Биыл жыл басынан бері қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырумен шұғылдануға тарту мақсатында қала аумағында 257 спорттық (халықаралық, республикалық, қалалық, бұқаралық) іс-шаралар өткізіліп, оған 31 мыңға жуық адам қатысқан. Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков биылғы жылдың он айында атқарылған жұмыстарды қорытындылау жиынында атап өтті.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, спорт мектебі басшылары, жаттықтырушылар, спорт саласы қызметкерлері қатысқан жиында бұқаралық спорттық іс-шаралар, спорттық жетістіктер, спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша да атқарылған жұмыстар сараланды.

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлар тізбесінде спорт саласының 4 көрсеткіші бекітілген.

Сондай-ақ, алқа отырысында дене шынықтыруды дамыту және іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бауыржан Тұманбаев, қалалық № 9 көркем гимнастикадан олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Рүстем Жаңбырбаев баяндама жасады.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек бұқаралық спортты дамыту, тұрғындарды дене шынықтыруға тарту басым бағыттар болу қажет екенін айтты. Жасөспірімдерді спортқа өз жасына сай әкелу, дарынды балалармен жұмыстарды жүйелі түрде атқару және тағы басқа мәселелерге тоқталып өтті.

Жиында олимпиадалық емес спорт түрлерін қаржыландыру, спортшыларға норматив беру талаптары және тағы басқа мәселелер бойынша сауалдар қойылып, бәріне тиянақты жауаптар берілді.

Жалпы алдағы уақытта Шымшаһарда дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50 пайызына дейін жеткізу назарда тұр.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық