jasqazaq.kz

Шымкент: ОҚПУ жаңа студенттер үйі және әскери кафедрамен толықты

10 мамыр 2024, 13:40

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел жастырының білім алуына барлық жағдай жасалуы тиіс екенін үнемі айтады. Мемлекет басшысының «Елімізге диплом тарататын мекемелер емес, бәсекеге қабілетті оқу орындары керек. Қоғамымызда диплом емес, білім культке айналуға тиіс» сөзін оқу орындары басшылыққа алатыны сөзсіз. Шымшаһардағы білім ордалары бұл тапсырманы бұлжытпай орындап, жас буынның жан-жақты білім алуына барлық жағдайды жасап келеді.

Мәселен, жуырда Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да жаңа студенттер  үйі пайдалануға берілді. Жеке меншік  серіктестік негізінде салынған жаңа жатақхана  180 тұрғынға есептелген. Жалпы ауданы 1000 шаршы метрді құрайтын бес қабатты студенттер үйі барлық заманауи талаптарға сай. Екі немесе төрт адамға арналған әр бөлмеде жеке санитарлық бұрышы мен душ бар. Жатақхана заманауи ас үйлермен, кір жуатын бөлме және басқа да тұрмыстық, қосалқы жайлармен жабдықталған. Жатақханаға университеттің  филология, өнер және білім факультетінің студенттері  орналасады.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ  бұған дейін  де жастарға 4  бірдей студенттер  үйін  пайдалануға беріп,  елімізде  жатақханамен  қамту мәселесі толығымен  шешілген  университеттердің бірі  екенін айта кеткен жөн. Жаңа жатақхананы  үш жақты келісім негізінде кәсіпкер Әсия Анарбекова салды.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да тағы бір жаңалық — Отан қорғаушылар күні қарсаңында жаңа әскери кафедраның ашылуы. Кафедраның ашылу салтанатына белгілі экономист, қоғам қайраткері Оразалы Сәбден, университет басшылығы мен оқытушы-профессорлар құрамы, тиісті сала мамандары қатысты.

Жаңа кафедра еліміздің Қарулы күштерінің әскери оқытылған резервін даярлауда және толықтыруда стратегиялық міндеттерді орындауға бақытталды. Бастапқыда 100 студентті қабылдаған кафедрада білім алушылар саны бүгінде 1000-ға жетіп отыр. Сондай-ақ 27 оқытушы құрам, 9 инженерлік-техникалық құрам, 15 оқу-әдістемелік бөліммен қамтылған. Әскери кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Қарулы Күштер құрамында тиісті лауазымды қызмет атқарған, әскери-педагогикалық тәжірибесі мол офицерлерден жинақталды.

Мамандар даярлауға арнайы дәрісханалар көрнекі құралдармен, қару-жарақ үлгілерімен және әдістемелік нұсқаулармен жабдықталды. Әр пәнге арналған бағдарламалар мен силлабустар қазіргі таңдағы ТМД мемлекеттерінде және дүние жүзіндегі қақтығыстарда қолданылып жатқан ұрыс жүргізу тактикаларын ескере отырып енгізілген. Әскери-есептік мамандықтар штаттық қару-жарақтармен және әскери техникалармен жабдықталған. Әскери ұрыс жаттығу жиындарына арналған аумағы бір гектарды құрайтын қалашықта тактикалық алаң, атыс даярлығы қалашықтары, тағы басқа нысандар көрнекі құралдармен қамтылған.

Жаңа әскери кафедраның оқытушы құрамы алдағы әр үш жыл сайын біліктілік курсынан өтеді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласының білім басқармасы

 

 

01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
30 сәуiр, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство