jasqazaq.kz

Шымкент мұнай өңдеу зауытында тәулігіне 17 700 тонна мұнай өңделіп жатыр

13 сәуiр 2023, 13:26

Еліміздегі үш ірі мұнай өңдеуші зауыттың бірі Шымкенттегі «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС көктемнің басында жоспарға сай ағымдағы жөндеуге байланысты өндірісін уақытша тоқтатқан еді. Енді жөндеу мезгілінің бітіп, қондырғыларды қайта қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуына орай кәсіпорын бұрынғыдай қызметіне қайта кірісіп отыр. Бұл жөнінде зауыт басшылығы арнайы мәлімдеме жасады.

«Өздеріңіз білетіндей мұнай өңдеу зауытында жоспар бойынша жөндеу жұмыстары 15 наурыздан 8 сәуірге дейін тұғын. Біз 7 сәуірде жұмыстардың бәрін толық бітірдік. Бастапқы мұнай өңдеу қондырғысын мерзімінен бір күн бұрын, каткрекинг қондырғысын 5 күн бұрын жөндеп қойдық. Қазіргі таңда 17 700 тонна мұнай өңдеп жатырмыз. Одан шығатын өнімдерден 6 200 тонна бензин, 5 600 донна дизель отынын, 1 150 тонна авиакерасин және 820 тонна сұйықталған газ алып отырмыз. Сәуір айына бекітілген жоспар бойынша 366 мың тонна мұнай өңдеуіміз керек. Сөйтіп,11 мың тонна бензин, 115 мың тонна дизел отынын,19 мың тонна авиакерасин және 15 мың тонна сұйықталған газ өндіруіміз қажет», деді «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның техникалық директоры Бақыт Ерігенов.

Зауыт бүгінгі таңда өзінің жүз пайыздық қуатына шықты. Тәулігіне 17 700 тонна мұнай өңдеу бұл зауыттың ең жоғарғы қуаты саналады. Өнімдердің барлығы да тек ішкі нарыққа жөнелтіліп жатыр. Мәселен, 10 сәуірде 1600 тонна дизель отыны, 220 тонна сұйықталған газ өндірілді. Бұл өнімдер толықтай Түркістан облысы мен Шымкент қаласының нарығына шығарылды.

Зауытты мезгілі келгенде жөндеу жұмысына қою қауіпсіздік үшін маңызды іс деп санайды компанияның техникалық директорыБ.Ерігенов. Оңтүстікте жазда күн қатты ыситын болғандықтан, мәселен, тоңазытқыштарды дер кезінде тазалап отыру қажет. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеу үшін осындай жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізіп отыру компанияның басты міндетіне кіреді. Негізінде ағымдағы жөндеу жылына бір рет, ал күрделі жөндеу үш жылда бір мәрте жасалуға тиіс. Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін күрделі жөндеусіз үш жыл қатарынан тоқтамай жұмыс істеген. Яғни 2021 жылы соңғы күрделі жөндеуден өткен. Ал ағымдағы жөндеу биыл ғана іске асырылып отыр. Былтыр зауыт іркіліссіз өнім өндірген.

«Жөндеу жұмыстарын тезірек бітіруге асықтық. Өйткені өздеріңіз көріп отырғандай ішкі нарықта дизель отыны, сұйықталған газ жетпей жатыр. Сол үшін жұмыстарды ертерек аяқтадық. Ішкі нарықта қалыптасқан жағдайды ескере келе мамандар күндіз-түні демалмай жөндеумен айналысты. Мұның бәрі тұтынушының есебі үшін жақсы болғанымен, компанияға кішкене шығындар әкелді. Дегенмен ішкі нарықта тұрақсыздықтың туындамауы – ең басты мәселе», деді кәсіпорынның техникаға жауапты басшысы Б.Ерігенов.

Мерей Әлімбек

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата