jasqazaq.kz

Шымкент: Мүгедектігі бар азаматтар әлеуметтік көмексіз қалмайды

09 тамыз 2025, 16:07

Мүгедектігі бар азаматтарды жан-жақты қолдау, ерекше қажеттілігі бар жандардың өмір сүруін жеңілдету – бүгінгі күннің өзекті мәселелсі. Бұл бағытта еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласында ауқымды істер қолға алынып, тиісті деңгейде атқарылуда. Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетіліп жатқан қолдау шаралары туралы jasqazaq.kz сайтының тілшісіне айтып берді.

«Қала көлеміндегі инклюзивті даму саясатының заңнамалық және құқықтық негіздерін жетілдіру бойынша қандай ұсыныстар әзірленуде немесе қолдау тапты?» деген сауалға Бахадыр Мәдәліұлы былай деп жауап берді:

«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер деп танылады және оларға жергілікті атқарушы орган тарапынан өз құзыреті шегінде ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес  мүгедектігі бар адамдарға жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсетуге құқылы.

Алушылар санаттарының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері жергілікті атқарушы органмен белгіленеді және жергілікті өкілді органның шешімімен бекітіледі.

Бұл ретте, әлеуметтік көмек әр өңірдің жергілікті бюджетінің мүмкіндігіне қарай көрсетілетіні анық, алайда мүгедектігі бар жандар бюджеті тапшы өңірде тұратынына кінәсі жоқ. Диагноздары, қабылдайтын дәрі-дәрмектері мен емшараларының көлемі мен бағасы ұқсас болуына байланысты, мүгедектігі бар жандар басқа өңірлерде көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері мен мөлшерін талап етіп, наразылық білдірген болатын».

Бахадыр Мәдәліұлының айтуынша, Шымкент қаласы мәслихатының тарапынан әлеуметтік теңсіздікке жол бермеу мақсатында, жергілікті атқарушы орган тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін санаттарға қарай барлық өңірлер үшін бір көлемде белгілеу бойынша ұсыныс енгізілді.

Соның нәтижесінде, республика бойынша бірыңғай төлем сомасы бектілді.

JQ-Aqparat

 

 

 

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті