jasqazaq.kz

Шымкент МӨЗ нарыққа 1500 тоннадан астам дизель отынын жөнелтті

11 сәуiр 2023, 15:34

Шымкент мұнай өңдеу зауыты дизель отынының негізгі бөлігін оңтүстік өңірлерге жібереді.
7 сәуірде жоспарлы жөндеуді аяқтаған Шымкент мұнай өңдеу зауыты («ПҚОП» ЖШС) ішкі нарыққа 1500 тоннадан астам дизель отынын жөнелтті.
Қазір «ПҚОП» ЖШС тәулігіне 17,7 мың тонна мұнай өңдеп жатыр. Өткен демалыс күндері «ПҚОП» ЖШС қазіргі қорынан шамамен 1500 тонна дизель отынын жөнелтті.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС техникалық директоры Бахит Ерегенов: «10 сәуірде өндіру мен паспорттау деңгейіне қарай 1600 тоннадан астам дизель отыны мен 220 тонна сұйытылған газды жөнелтуге дайындалып жатыр. Алдағы бірнеше күнде мұнай өнімдерін жөнелту деңгейі тәулігіне бензин – 6200 тоннаға, дизель отыны – 5600 тоннаға, авиаотын – 1150 тоннаға және сұйытылған газ – 820 тоннаға дейін ұлғайтылады, — деді.
Жоспарға сәйкес, ПҚОП сәуір айында 366 мың тонна мұнай өңдеуі керек. 110,1 мың тонна көлемінде бензин, 114,8 мың тонна дизель отыны, 15,1 мың тонна сұйытылған мұнай газы, 19,3 мың тонна авиаотын, 77,6 мың тонна мазут өндіру жоспарланған. Мұнай өнімдерінің негізгі бөлігі оңтүстік өңірлердегі тұтынушыларға бағытталатын болады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сәуір айында Шымкент зауытынан 34,8 мың тонна дизель отынын жөнелтуге басымдық беріледі.
Сондай-ақ «ПҚОП» ЖШС жоспарлы-алдын алу жөндеу кезінде жинақталған қордан вагон-цистерналар арқылы өнімді үздіксіз жіберіп отырды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі