Шымкент: «Мирас» бухгалтерлердің жаңа буынын дайындайды

22 сәуiр, 15:06

Шымкент — білім мен ғылымға ұмтылатын, жігерлі жастардың қаласы. Сондықтан олардың сапалы білім алып, ертеңгі күні еліне қызмет ететін білікті маман болып шығуы үшін Шымшаһарда барлық жағдай жасалып жатыр. Бұл тұрғыда шаһардағы «Мирас» университетінің жастарға жаңа мүмкіндік беру мақсатында Шымкент қаласының әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын айтса болады. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков осы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары халық арасында ғылым мен жоғары білімді насихаттау екенін атап көрсеткен еді. Аталмыш оқу орны заманауи білім беру мақсатында ұдайы ізденіс үстінде. «Мирас» университетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін аталған оқу орны учет.kz порталымен келісімге қол қойды.

Бухгалтерлер мен қаржы мамандарына арналған ақпараттық портал қаржы саласынан сауатты ақыл-кеңес беруімен ел ішінде аса танымал. «Forbes Kazakhstan рейтингінде 35-ші орында тұр.

Қазір бірегей білім беру бағдарламасын іске қосу үшін университет басшылығы жан-жақты дайындалып жатыр. Бұл ынтымақтастық үздіксіз жаңартылып отыратын заңнама мен технологиялық инновациялар жағдайында тиімді жұмыс істей алатын бухгалтерлердің жаңа буынын дайындауға бағытталған.

«Мирас» университетінің серіктестігі және учет.kz студенттерге озық онлайн-технологияларды пайдалана отырып, өзекті бизнес-кейстер негізінде білім алуға мүмкіндік береді. Бұл білім берудің кез келген қашықтықта қолжетімділі болуын ғана емес, сонымен қатар оның еңбек нарығында практикалық қолданылуын қамтамасыз етеді.

Тыңдаушыларға нарық сарапшылары өзекті білім, түрлі дағдылар мен практикалық ақпарат ұсынады. Заңнаманың өзекті талаптарын ескере отырып, нақты өмірлік мысалдарды келтіреді. Сайып келгенде, мұның бәрі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды дайындап шығаруға септігін тигізеді.

Айта кетейік, «Мирас» университеті – 1997 жылы елімізде кредиттік технологияны енгізу бойынша эксперименттік алаң ретінде құрылған тұңғыш оқу орны. Магистратура бағдарламаларына дайындау 2010 жылы ба бастап. 2016 жылы халықаралық аккредитацияға қол жеткізді. 2023 жылы «Мирасқа» эксперименттік университет мәртебесі берілді. Университеттегі студенттік үйірмелер, шығармашылық секцияларда студенттер пайдалы дағдыларды меңгереді. Сонымен бірге студенттерге, магистранттарға, оқытушыларға арналған түрлі шеберлік сабақтары тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Әлима Әлмерек

Суреттер: «Мирас» университетінің баспасөз қызметі

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді