jasqazaq.kz

Шымкент: Мемлекеттік қызметке арналған жәрмеңке өтті

27 мамыр 2024, 10:39

Шымкент қаласында халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған жұмыстар атқарылуда. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлім еткендей, басқарма ғимаратында мемлекеттік қызмет саласындағы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға еліміздің Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қала әкімдігі ұйытқы болды.

Жәрмеңкеге 20-дан астам мемлекеттік орган қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Олардың ішінде білім, денсаулық сақтау басқармасы, жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасы, ішкі саясаты және жастар істері жөніндегі басқармасы, аудан әкімдіктері, Мемлекеттік кірістер департаменті, сот әкімшілігі және әділет департаменттері бар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Аянай Раеваның айтуынша, қалада қазір 48 мемлекеттік органда 1954 штаттық бірлік болса, оның 5 пайызы бос орын.

-Бүгінгі іс-шара арқылы жоғары білімі бар, жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындары мен жас мамандарға мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібін, іріктеу қағидаларын түсіндіріп, бос орындарды таныстырумен бірге, мемлекеттік қызметке тартуды мақсат еттік. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қазір мемлекеттік қызмет барынша ашық, әрі қолжетімді болуы үшін бірқатар кешенді жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, бүгінде мемлекеттік қызметке орналасу үшін арнайы залда тест тапсырып, оның нәтижесін мемлекеттік органдарға жеткізіп, әңгімелесуге барудың қажеті жоқ. Қазір үйде отырып-ақ, Еqyzmet.gov.kz порталына электронды қолтаңба арқылы тіркеліп, жеке деректеріңізді енгізіп, бос лауазымға тест тапсыра аласыз. Тіпті, мемлекеттік органға келмей әңгімелесуді де сол жерден жүргізу қарастырылған. Мұндай мүмкіндік арқылы Шымкентте отырып Астана қаласындағы бос лауазымға жұмысқа қабылдануға болады. Мемлекеттік жұмысқа орналасқысы келген азаматтарымызға электронды қызмет алуды жан-жақты жолдарын көрсетіп, ақпараттық қолдау жұмыстарын қатар жүргіземіз, — деді Аянай Мұхитқызы.

Жәрмеңке барысында ЖОО-ның бітіруші студанттері, жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлектері, квазимемлекеттік сектордың және өзге де мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысып, мамандардан кеңес алды. Жалпы, бүгінгі жәрмеңкеде 50-ден астам бос орны ұсынылды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін