jasqazaq.kz

Шымкент: Мемлекеттік грант иегерлері өз кәсіптерін ашып, жұмыс орындарын құруда

29 тамыз 2023, 12:31

Шымкент қаласында Ұлттық жоба аясында мемлекеттік қайтарымсыз алғандар қатары артып келеді. Бүгінгі таңда қайтарымсыз мемлекеттік грант иегерлері түрлі кәсіпті дөңгелетіп отыр.

Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда киіз басып, текемет тоқуды кәсіп еткен қолөнер шебері Мадина Ахметованың бұйымдары бүгінде Америка Құрама Штатында өтіп жатқан халықаралық көрмеге қойылған. Көпбалалы ана қолынан шыққан ұлттық бұйымдарын ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендіріп, дайындауда. Оның бұйымдарына деген қызығушылық тұрғындар тарапынан жоғары.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында елдегі шағын және орта кәсіпкерлікке дамытуға жол ашып отыр. Біз сол мүмкіндікті пайдалана отырып, «Бастау Бизнес» жобасы аясында білімімізді жетілдіріп, өз кәсібімізді ашып отырмыз. Өзім былтыр мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, киіз басатын құрылғы сатып алдым. Мен үшін бұл үлкен көмек болды. Грант қаржысына алынған қондырғы жұмысымды жеңілдетіп, тауар түрлері мен көлемін арттыруға сеп болуда , — дейді Мадина.

Сондай-ақ қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының сүйемелдеуімен арболитті блок шығарумен айналысып, бүгінде қосымша екі азаматты жұмыспен қамтып отырған Нұрымжан Шойбековтың жұмысы да бізді таң қалдырмай қоймады. Грант иегері қайтарымсыз қаражатқа құрал-жабдық сатып алған. Нәтижесінде өнім өндіру қуаттылығы артқан. Нұрымжанның айтуынша, құрылыс материалы экологиялық таза әрі өте тиімді. Шымкентте қазіргі таңда арболитті блокты шығаратын жалғыз өндіруші өзі екен. Оның тауарына тапсырыс көбінесе Алматы қаласынан түсуде.

Жалпы, былтыр қалада «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант иегері атанған 1096 азамат қазір өз қызметін салық органдарында тіркеп, есептерін тапсырған. Мамандар қаражаттың мақсатты жұмсалуына қатысты ұдайы тексеру жүргізіп отырады. Басқарма тарапынан былтыр грант алған 893 азаматтың кәсібіне зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, 827 азамат жұмыс орнын ашып, қосымша 25 азаматты жұмыспен қамтыған.

Ал биыл әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған грантты 447 адамға беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лекте 6 мыңға жуық азаматтан өтінім түсіп, оның 227-не оң шешім шығарылыпты.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры