jasqazaq.kz

Шымкент: «Мектепке жол» көпбалалы отбасыларға таптырмас жеңілдік

16 тамыз 2023, 22:15

Көпбалалы отбасылар үшін баланы мектепке дайындау едәуір қаражатты талап ететіні анық. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылды. Биыл да әртүрлі санаттағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға әр бала үшін 41 мың теңгеден қаржылай көмек үлестірілді. Сондай-ақ отандық өнімдерге қолдау көрсету, бағаның шарықтауына жол бермеу мақсатында «Мектепке жол» атты республикалық жәрмеңке еліміздің көптеген қалаларында өтіп жатыр. Шымкентте де «Мектепке жол» акциясы аясында отандық өнімдердің ауқымды жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкеде 15-ке жуық кәсіпорын өз өнімін ұсынды.

Орталық стадионда жайғасқан жәрмеңкеде былғары аяқ киім, сөмкелер, ақ жейде мен шұлықтар, түрлі мектеп формаларына кең таңдау бар. Сапасы бағалы түрік тауарларынан кем түспейді. Ал бағасы қалтаға қонымды. Шымкент қалалық білім басқармасы мен кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы бірлесе ұйымдастырған жәрмеңкеде кәсіпкерлер өнімдерін зауыт бағасымен ұсынды.

–Бүгінгі іс-шараның мақсатының бірі – отандық өнімді қолдау. Бұл жаңа оқу жылы қарсаңында шымкенттік отбасыларға да үлкен жеңілдік деп білемін. Себебі өндірушілер біріншіден сапалы өнімдер ұсынуда, екіншіден бағасы қалтаға қонымды. Оның үстіне мұндай жәрмеңкелер базар өнімдеріне бәсекелестік орнатып, бағаның шарықтауына жол бермейді, – дейді кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Біржан Әзімбердиев.

Жәрмеңкеге мектеп формаларын тігетін «ЖК Әбдиев», «Гаухартас» сынды елімізге сапалы тауар ұсынып, танылып үлгерген отандық тігін фабрикалары да қатысты. Ал таза былғарыдан жасалған аяқ киімдердің бағасы 10 мың теңгеден басталып, белдіктер өз құнынан төмен акциялық бағамен 2000 теңгеден сатылды. Ер балаларға арналған үштік топтама 15 500 теңгеден, ал ақ жейделер 2500 теңгеден басталып, сапасына қарай әр түрлі бағада сатылды. Кәсіпкерлер форманың қымбат болуының себебін елімізде сапалы мата өндірілмейтіндігімен түсіндірді.

Аталған жәрмеңкеде сатылымға түскен мектеп оқушысына қажетті заттар нарықтық жағдайға қарай есептелген. Бүгінде өңірімізде мектеп формасының орташа бағасы ер балалар үшін – 15-16 мың теңгені, ал қыз балалар үшін 10-13 мың теңгені құрайды. Дүкен және базар бағаларымен салыстырмалы түрде есептесек, бір баланы жаңа оқу жылына дайындау үшін орта есеппен шамамен 60-70 000 теңге аралығында қаржы қажет екен.

Мерей Әлімбек

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста