jasqazaq.kz

Шымкент медицинасының 10 жылдық жетістігі зор

17 мамыр 2023, 15:51

Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған санитарлық-эпидемиологиялық қызметті нығайту және отандық дәрі-дәрмек өндірісін дамыту жөніндегі тапсырмалары «Салауатты ұлт» әрбір азамат үшін сапалы әрі қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасында көрініс тапқанын атап өту қажет. Ұлттық жоба жалпыұлттық басымдықтар сияқты еліміздің стратегиялық құжаттарын ескереді: Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары.

Жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 2020 жылғы 71,37 жастан 2025 жылы 75 жасқа дейін ұлғайту, халықтың медициналық қызметтер сапасына қанағаттану деңгейін 2020 жылғы 53,3%-дан 2025 жылы 80%-ға дейін арттыру әсері күтілмек.

Шымкентте Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданып, жүзеге асырылып келеді. Қаланың денсаулық сақтау басқармасы ауқымды жобаларды іске асыру үшін медицина саласына инновациялық тәсілдерді енгізіп, іс-шаралар кешенін әзірлеген. Ұлттық жоба шеңберінде Тағы бір тоқталып өтетін бағыт — отандық медицинаның бірқатар бағыттары халықаралық деңгейде бәсекеге түсуі.

Мысалыға, жуырда шымкенттік дәрігерлер №1 клиникалық ауруханасында 200-ші бүйрек трансплантациясын жасады. Бүгінде он күн бойы дәрігерлерлдің жіті бақылауында болған науқас отбасымен қауышып отыр. Аталмыш денсаулық сақтау ұйымында 10 жыл ішінде 200 трансплантация отасы жасалған. Осы жылдың 5 мамыры күні бас дәрігер Абылай Абдужаппарұлының жетекшілігімен жасалған ота сәтті аяқталған болатын.

Дәрігерлердің айтуынша, 1986 жылғы рецепиент 6 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Науқастың 1995 жылғы інісі донор ретінде бүйрегін берген. Әдетте, бүйрек трансплантациясы 7-8 сағатқа созылса, №1 клиникалық аурухананың білікті дәрігерлері отаға небәрі 3-4 сағат уақыт жұмсаған.

Екі жүзінші пациентке аурухананың бас дәрігері Абылай Донбай бастаған алтын қолды хирургтер – Ж.Сүйгенбаев, А.Калымбетов, Ұ.Мұканова, Р.Үмбетжанов күрделі отаны жасаса, анестезиолог Қ.Айтуов отаның сәтті өтуіне себепші болды.

Абылай Донбайдың айтуынша, Шымкентте бүйрек жетіспеушілігімен Шымкент қаласы бойынша екі мыңға жуық науқас тіркеуде тұр. Денсаулық саласындағы мұндай ауқымды жетістіктер Шымкенттің трансплантация әлеуетін арттырып, отандық медицинаның ілгерілеуіне және медициналық туризмнің дамуына серпін бермек.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі